«Екібастұз» қос қазақстандық қорғаушыны қатарға қосты

26.03.2021, 01:46
Бірі «Ақтөбе» сапында, ал екіншісі «Астанада» өнер көрсеткен.
«Екібастұз» қос қазақстандық қорғаушыны қатарға қосты

25 жастағы қорғаушы Саят Жұмағали "Екібастұз" клубының ойыншысы атанды.

Ақтөбе футболының тәрбиеленушісі Саят Жұмағали мансабын 2014 жылы "Ақтөбенің" қосалқы командасында бастады. Сонымен қатар ол негізгі команда сапында да өнер көрсетті. Премьер-лигада "Ақтөбе" үшін 46 матч өткізіп, 1 гол соқты.

26 жастағы қорғаушы Біржан Күлбеков "Екібастұз" командасымен келісім-шартқа отырды.

Біржан кәсіби мансабын 2012 жылы "Астананың" қосалқы командасында бастаған. 2012-2017 жылдар аралығында "Астананың" негізгі және қосалқы командаларында өнер көрсетті. 2017 жылы қарағандылық "Шахтермен" келісім-шартқа отырып, онда үш жыл ойнады.

Біржан елордалық клуб сапында екі дүркін (2015, 2016) Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар Қазақстан Кубогі (2016) мен Суперкубогін (2015) жеңіп алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×