Джордже Деспотович: «Ойында жеңіске жету арқылы, жақындарыма қуаныш сыйлағым келді»

19.07.2018, 23:11
Джордже Деспотович: «Ойында жеңіске жету арқылы, жақындарыма қуаныш сыйлағым келді»
«Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Сутьескаға» қарсы қарымта кездесуден кейін елордалық шабуылшы матч туралы ойымен бөлісті.

- Никшичте өткен кездесуге менің жақындарым арнайы келді. Сондықтан, туған-туыстарымның алдында өзімді жақсы қырымнан көрсетуге барынша тырыстым. Себебі, жақындарым менің ойынымды стадионнан көрмегелі бірнеше жыл болған еді. Әрине, мен өз кезегімде өзімді тек жақсы қырымнан көрсетіп, ойында жеңіске жету арқылы қуаныш сыйлағым келді.

«Астана» черногориялық команданы сырт алаңда жеңуінің басты сырын айта аласыз ба?

- Біз бапкерлер құрамының ойынға берген тапсырмасын толықтай орындап, өте жақсы ойын үлгісін көрсету арқылы қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соғып, келесі кезеңге жолдама алдық. Бүгін біз қалыпқа келу жаттығуларын жасап, келесі қарсыласқа дайындықты бастайтын боламыз.

- «Мидтьюлландқа» қарсы кездесуден не күтесіз

- Бізді өте қиын ойын күтіп тұр. Дания чемпионаты – өте мықты. Ол жақта өнер көрсететін ойыншылардың деңгейі де жоғары. Ал «Мидтьюлланд» болса, сол елдің қазіргі чемпиондары. Дегенмен, біздің де Еуропада мықты командаларға қарсы ойнап, жинаған тәжірибеміз жеткілікті. Сондықтан, екі кездесу қорытындысы бойынша лайықты нәтижеге жете аламыз деген ойдамын.

 

fcastana.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×