Джордже Деспотович: «Черногория чемпионатының кездесулерін ешқашан бақылаған емеспін»

18.07.2018, 14:43
Джордже Деспотович: «Черногория чемпионатының кездесулерін ешқашан бақылаған емеспін»
Бүгін, «Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Сутьескаға» қарсы жауапты ойынын өткізеді. Осы матч алдында «Астана» футбол клубының шабуылшысы Джордже Деспотович журналистердің сұрағына жауап беріп, матч туралы өз пікірін білдірді.

-         Джордже, «Сутьеска» командасы саған жақсы таныс шығар. Олардың ойынына қандай баға бересіз? Олар өз алаңдарында қандай футбол ойнайды?

-         Шынын айтсам, Черногория чемпионатының кездесулерін ешқашан бақылаған емеспін. Алайда, бірінші кездесуде жеңілген командалардың, өз алаңдарында қандай футбол көрсететінін өте жақсы білемін. Мен футболист ретінде, ертеңгі кездесуге толықтай дайынмын.

-         Жергілікті баспасөзге көз салып көрдің бе? Олар алғашқы ойын нәтижесін қалай қабылдады. Аз гол жібергендеріне қуанды ма?

-         Иә, әрине олар өз қақпаларына бір ғана гол жіберді. Дегенмен, ертеңгі ойында бір гол соғу арқылы есепті теңестіріп кетуі де мүкін. Бұл жақтың баспасөзіне шынын айтсам көз салған жоқпын. Дегенмен, олар өз командаларының жылдам гол соғып, ойынға тез орала алатындарына сенеді. Бірақ, біз олардың қандай футбол ойнайтындығын жақсы білеміз. Сондықтан, ертеңгі кездесуге жақсылап дайындалуымыз қажет.

fcastana.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×