Джон Терри Ресей чемпионатында ойнаудан бас тартты

14.09.2018, 00:24
Джон Терри Ресей чемпионатында ойнаудан бас тартты
37 жастағы «Челсидің» бұрынғы капитаны Джон Терри Ресейдің «Спартак» клубына ауысады екен деген қауесет ақпарат көздерінде жиі тарап кеткен болатын. Алайда кеше футболшының өзі Ресейге келмейтінін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ұзақ ойлана келе, «Спартактан» бас тартуға тура келді. Клуб басшылығы мен жанкүйерлеріне жаңа маусымда сәттілік тілеймін және алғыс білдіремін. «Спартактың» мақсаты айқын, кәсібилігі жоғары клуб. Бірақ отбасыммен ақылдасып, осындай шешімге келдім. Дәл қазір маған мұндай трансфердің қажеті жоқ, – дейді Терри. Айта кетейік, 8 қыркүйект ағылшын футболшысы Италиядағы емханалардың бірінде медициналық тексерістен өтетінін сосын Ресей клубына ауысатыны жайлы ақпарат тараған болатын. «Спартак» Терриге 2 миллион еуро көлемі жалақы мен 1 жылдық келісімшарт ұсынған. Футболшы «Астон Вилладан» кеткен соң, еркін агент ретінде қалған болатын. Бирмингем клубында ол бір маусым өткізді. Оған дейін 1995 жылдан бері «Челсидің» жүйесінде болды. Лондон командасында қорғаушы 702 ойын өткізіп, 65 гол соққан. Осы жылдар ішінде бес рет Англия чемпионатын ұтып алды. Сондай-ақ Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында топ жарған. Англия құрамасында 2003-2012 жылдар аралығында 78 ойынға қатысып, 6 голдың авторы атанған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×