Джокович "Црвена Звезданы" Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтады

30.08.2018, 17:04
Джокович "Црвена Звезданы" Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтады
Сербиялық теннисші Новак Джокович өз Отанының "Црвена Звездасын" ЧЛ-ның топтық кезеңіне шығуымен құттықтады. - Бәрекелді, жігіттер! Бәрекелді, "Жұлдыз"! Сіздер арыстандай күрестіңіздер! Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығуларыңызбен құттықтаймын! Алға, ақ-қызылдар! - деп өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. Өз кезегінде сербиялық клубтың баспасөз қызметі: "Рахмет, Новак! Чемпиондар Лигасында кездескенше!" - деп жауап қатты. Сербияның "Црвена Звездасы" өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығып отыр. Естеріңізге сала кетсек, "Црвена Звезда" ЧЛ-ның плей-офф кезеңінің қарымта кездесуінде аустриялық "Зальцбургке" ойынның 60-шы минутында 0:2 есебімен жеңіліп жатқанына қарамастан, ойын соңына дейін есепті 2:2 етіп теңестіріп кетті. Өз алаңындағы ойында 0:0 есебі тіркелген еді. Қонақта нәтижелі тең есеп тіркегенінің арқасында сербиялық клуб осындай тарихи нәтижеге жетіп отыр. https://twitter.com/DjokerNole
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×