Дмитрий Шомко: «Ұлттық құрамаға да көмектесе аламын деп үміттенемін»

06.10.2021, 15:29
Шомко араға ұзақ уақыт салып ұлттық құрамаға қайта оралды.
Дмитрий Шомко: «Ұлттық құрамаға да көмектесе аламын деп үміттенемін»

"Ақтөбе" клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко Қазақстан құрамасына қайтып оралғаны туралы пікір білдірді, сонымен қатар 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговинамен болатын кездесуге команданың дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

- Мен ұлттық құрамаға оралдым, бұл керемет. Мен мұны ұзақ уақыт бойы күткен едім. Қазіргі уақытта өте жақсы эмоцияларды бастан өткерудемін. Мен көп ойнаған жоқпын, себебі жарақат болды, ота жасалды. Енді мен ойнай бастадым, клубқа көмегім тиюде және мен ұлттық құрамаға да көмектесе аламын деп үміттенемін.

Қай жерде ойнайтының маңызды емес - үйде немесе сырт алаңда, ұлттық құрама - футболшы үшін ең биік шың және сен өз елің үшін барыңды салып ойнауға тиіссің. Мен жаттықтырушыны бұрыннан білемін, бұған дейін онымен "Ертісте" және ұлттық құрамада бірге жұмыс істедім. Ол алдына тек жоғары міндеттер қоятын адам. Ол барлығын талдады, біз дайындалып жатырмыз. Соңғы ойында қай жерде дұрыс ойнағанымызды немесе қай тұста қателік жібергенімізді анықтаймыз. Бапкерлер штабы түзетуді қажет ететін қателерді көрсетеді, біз алға қарай жүруді жалғастырамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×