Дмитрий Шомко: «Ертең алаңда өзіміздің 100% деңгейімізді көрсететін боламыз»

01.08.2018, 04:09
Дмитрий Шомко: «Ертең алаңда өзіміздің 100% деңгейімізді көрсететін боламыз»
«Мидтьюлланд» - «Астана» арасындағы қарымта матч алдында елорда командасының вице-капитаны Дмитрий Шомконың қатысумен баспасөз жиыны өтті.

- Біз қарымта ойынға толықтай дайынбыз десем болады. Ертең алаңда өзіміздің 100 пайыз деңгейімізді көрсететін боламыз. Бұл Чемпиондар Лигасы болғандықтан, мұнда оңай қарсылас жоқ.

- Бірінші ойыннан кейін «Мидтьюлланд» командасы туралы не айтасыз?

- Біздің бапкерлер құрамы қарсылас команданың осал тұстарын нақты көрсетіп, біз өз кезегімізде оны лайықты пайдалануға тырысамыз. Ал олардың мықты жақтарын біз айтпасақ та жақсы білеміз. Олар екінші қабатта өте жақсы ойнай алады. Сондықтан, олардың тарапынан болған қауіпті шабуылдарына тосқауыл болуға тырысамыз.

- Жаңадан келген ойыншылар командаға сіңісіп үлгерді ме?

- Біздің команда сапына келген жаңа ойыншыларды ылғи да жақсы көңіл күйде қарсы аламыз. Олар ең алдымен команда алдына қойған мақсаттарын және бас бапкердің талаптарын түсінулері қажет. Сол кезде барлығы жақсы болады деген сенімдемін. Жалпы алғанда, біздің командада жаңадан келген ойыншылармен қарым-қатынас орнату тұрғысында ешқашан қиындық болған емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×