"Мен Исламханның Италияда ойнау мүмкіндігі бар екеніне сенемін. Себебі, олар ойыншыларды жиі алып, оларды жалға беру арқылы пайда табады. Исламхан - техникасы мығым ойыншы. Ресейдегі келесі маусымдағы жаңа лимитті ескеретін болсақ, ол Ресей командаларының бірінде ойнай алады. Бірақ мәселе мұнда емес. Исламханның жалақысы өте жоғары, мұндай жалақыны Ресейдің 3-4 командасы ғана төлей алады. Менің ойымша Исламхан бұл клубтарды күшейте алмайды. Әсіресе, қазіргі "Зенит" командасын, себебі олар Ресей чемпионатын емес, Чемпиондар Лигасы жайлы ойлайды. "Зениттің" қосалқы құрамына жарауы мүмкін. Ал "Рубин" ше? Бұл жақсы нұсқа, Исламхан бұл клубта ойнауы мүмкін, оған көтерілу қажет."
Біздің серіктес: FONBET