Димитар Димитаров: Біз үшін қалған ойынның барлығы финалға татиды

10.09.2018, 01:10
Димитар Димитаров: Біз үшін қалған ойынның барлығы финалға татиды
Ұлттық құраманың ойындарына байланысты премьер-лигада қазір демалыс. осы мүмкіндікті пайдаланған "Ертіс" клубы Павлодар облысының тағы бір командасы "Екібастұзбен" жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойында "Ертіс" 3:1 есебімен жеңіске жетті. Матчтан кейін "Ертіс" клубының бас бапкері Димитар Димитаров пікір білдірді. – Екі апта бойы дайындыққа ауыр жүктеме жасадық. Себебі команданың физикалық жағдайын жақсарту қажет. Сондықтан бүгін ойыншылар бабында болды деп айту қиын. Шаршағандары байқалды. Дегенмен өткен екі апта бойы жүргізілген қарқынды жаттығу жұмыстары оларға пайдасын тигізеді деп ойламын. Олар жақсы жұмыс жасады. Премьер Лига ойындарында футболшылар өздерін көрсете жатар. Алдымызда маңызды ойындар тұр, әрбіреуі біз үшін финал іспеттес. Сондықтан барымызды салып, жеңіске жету қажет. Бұл ретте, бүгінгі жолдастық кездесу бізге пайдалы болды. Нәтиже маңызды емес. Бастысы алаңға көп шықпайтын ойыншыларға мүмкіндік беріп, оларды бақылау болды. Себебі команданың әр футболшысы әрқашанда ойынға қосылып кетіп, күресуге дайын болу керек. -«Екібастұз» сапында жақсы ойыншылар аз емес, олар біздің команда сапына қосылуы мүмкін бе? -Иә, әрине. Егер футболшылар бізге қажетті деңгейде ойын өрнегін көрсете алса, неге оларды шақырмасқа? Біз барлығына мән беріп, әлеуеті бар ойыншыларды жіті бақылауда ұстаймыз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×