
Голландия чемпионатының 19-турында "Фейеноорд" өз алаңында "Херенвенді" қабылдап, (3:1) жеңіске жетті.
Бұл "Фейеноорд" үшін 2020 жылғы алғашқы ресми матч. Ал бас бапкер Дик Адвокааттың Эредивизиде жаттықтырушы ретінде жұмыс істеп жүргеніне 50 жыл толды.
Естеріңізге сала кетейік, Дик 1980-жылдары "Харлем" командасының тізгінін қолға алса, 1990-жылдары "ПСВ" жаттықтырушылар қосынында болған. Сонымен қатар, 2000 жылы "АЗ Алкмар", 2010-жылдары тағыда "ПСВ", "АЗ Алкмар" және "Спарта" (Роттердам), "Утрехтты" баптаған. Қазір ұзақ жылдан бері "Фейеноордта" тер төгіп келеді.
Айта кетейік, 2018-2019 маусымда "Фейеноорд" Нидерланды біріншілігінде 3-орын алды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET