Мадридтік "Атлетиконың" шабуылшысы Диего Коста клубтан кетеді, деп хабарлайды белгілі журналист Фабрицио Романо. Оның айтуынша, ойыншыға бразилиялық және қытайлық клубтардан қызығушылық танытып отыр. Оның үстіне, Костаның өзінің де "Атлетикомен" келісім-шартты ұзартуға аңсары ауып тұрғаны шамалы.
32-жасар испаниялық форвард ағымдағы маусымда "матрасшылар" сапында 7 ойынға қатысып, 2 мәрте гол авторы атанған. Оның "Атлетикомен" келісімі 2021 жылдың 30 маусымында бітеді.
Біздің серіктес: FONBET