Дидье Дешам: «Қазақстанда бәрі басқаша болады»

25.03.2021, 17:37
Франция құрамасы кеше өз алаңында Украинамен тең ойнады.
Дидье Дешам: «Қазақстанда бәрі басқаша болады»

Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен өткен алғашқы матч (1:1) туралы пікір білдірді.

- Әрине, мен бұл ойынның нәтижесіне риза емеспін. Ойынның бірінші таймында бізде басымдық болды, біз көп шабуылдадық. Бірақ қарсылас өте жақсы қорғанды. Біз Украина ұлттық құрамасының 20-ға жуық матчына шолу жасадық, бірақ біз оның бүгінгі ойын стилін бірінші рет көрдік. Мен Шевченконың тактикасын сынап отырған жоқпын. Ол өз таңдауын жасады және өз командасы үшін оң нәтижеге қол жеткізді.

Иә, командамның жақсы жағдайда емес екендігін білемін. Бұл жерде бірқатар себептер бар. Бірақ мен ақталмаймын. Өте қатты қорғанатын командамен ойнау әрқашан қиын. Бүгін біз тек бір ұпай алдық. Бірақ жексенбі күні Қазақстанда бәрі басқаша болады. Ойын, ауа-райы, қарсылас...», – деді француздардың бас бапкері.

Айта кетейік, Қазақстан мен Франция арасындағы ойын 28 наурызда «Астана Аренада» өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×