Дидье Дешам: «Қазақстан – оңай шағылар жаңғақ емес»

28.03.2021, 03:45
Дешам бізді үш орталық қорғаушымен ойнайды деп болжап отыр.
Дидье Дешам: «Қазақстан – оңай шағылар жаңғақ емес»

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам баспасөз мәслихатында тілшілер сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

– Иә, ойыншыларға жеңіл болмасы анық. Бірақ біз көңілді көншітер нәтижеге қол жеткізіп, өз жұмысымызды атқаруымыз керек.

Қазақстан – оңай шағылар жаңғақ емес. Біз бұл ұжымды жақсы білеміз. Кеше кеш келгенімізге байланысты мұнда көп жаттығу жасай алмадық. Бірақ біз алаңға шығып, жақсы ойын көрсетеміз. Қазақстанда алғаш рет ойнайын деп тұрмыз. Ұйқы қандыруға да уақытымыз болмады. Бізді күтіп тұрған қиындықтар жайлы алдын ала білдік.

Қазақстан – жоғалтатын ештеңесі жоқ команда. Қарсыласымыздың үш бірдей орталық қорғаушымен ойнағалы жатқанын білеміз. Матчқа деген тактикамызды да осыған орай құрамыз. Сонымен қатар, қазақ халқына қонақжайлылығы үшін рахмет айтқым келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×