«Тараз» футбол клубы тағы бір түлегімен қош айтысты. Команданың жас жартылай қорғаушы Диас Орынбасар келесі маусымды «Жетісу» сапында өткізуге ниетті.
21 жасар футболшы талдықорғандық клубпен бірге оқу-жаттығу жиынына аттанды. Диас былтыр Бірінші лигада 4 ойын өткізіп, 1 гол соққан болатын. Ал «Жетісу» ҚПЛ-да өнер көрсететінін ескерсек, жас аяқдопшы үшін жоғары лигада бағын сынап, өзін жақсы қырынан көрсетуге тамаша мүмкіндік. Жалпы жаңа жылдық мерекеден кейін жамбылдық командадан ойыншылар бірнен соң бірі кетіп жатыр. Яғни, таланты көп, қолдаушысы жоқ «Тараз» футбол клубының қаржылық қиындықтары биыл да шешілмейтін сыңайлы.
Біздің серіктес: FONBET