Ди Марцио: «Челси» 2014 жылы Мессидің келісімшартындағы өтемақыны төлеуге дайын болды»

16.10.2020, 17:11
Әкесінің арқасында «Барселонада» қалып, бір жылдан кейін Чемпиондар Лигасын жеңіп алды.
Ди Марцио: «Челси» 2014 жылы Мессидің келісімшартындағы өтемақыны төлеуге дайын болды»

Атақты италиялық журналист Джанлука Ди Марцио өзінің Grand Hotel Calciomercato атты жаңа кітабында Лионель Мессидің "Барселонадан" 2014 жылдың өзінде-ақ кеткісі келгенін айтты.

Кітаптан алынған үзінділерге сүйенсек, Лионель Месси салық төлеуден жалтарғаны үшін "Барселонадан" кетуге тырысқан. Ол тіпті "Челсидің" сол кездегі жаттықтырушысы Жозе Моуриньомен келіссөздер жүргізген екен.

"Челси" аргентиналық ойыншының келісімшартындағы 250 миллион еуро көлеміндегі өтемақыны төлеп, оған 55 миллион еуро жалақы төлеуге дайын болды, бірақ Месси бұл ұсыныстан үзілді-кесілді қарсы болған әкесінің қоңырауынан кейін бас тартты.

Еске салайық, өткен маусымның соңында Месси келісімшарттағы оған тегін кетуге мүмкіндік беретін опцияны қолданып, клубын ауыстырғысы келетіндігі туралы хабарлады. Каталондық клуб Леоны 700 миллион еуроны құрайтын өтемақы сомасын төлеген командаға ғана босатуға дайын болды.Нәтижесінде 33 жастағы шабуылшы «Барселонамен» соттаспауға шешім қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×