29 жылда бір үздік құрам шығаратын уақыт болды!
Жаңа туылған балаға доп беріп, жағдайын жасап үйретіп шығарса кем дегенде 20 жастағы 4-5 ойыншы дайындап шығаратын жетерліктей уақыт болды! 20 жыл бойы доптың қыр-сырын меңгеретін, допты қалай тоқтатуға болатынын үйренетін уақыт болды!
Жаттықтырушыға кінә тағудың қажеті жоқ! Қандай жаттықтырушы болсада бар білгенін жасайды, үйретеді!
Кінә ойыншылардан және жоғарғы жақтағы адамдардан!
Басқа елде Ұлттық құрама тізіміне ілінбей қалса ашуын білдіріп, наразылығын білдіреді. Ал бізде ойыншылар сылтау айтып, жарақат алып өздері қашып,бас тартады. Себебі ақша қалтада, уайым жоқ! Елдің қамын жемеген , нанында жемесін!
Елімізді миллиондаған керемет жас ойыншылар бар! Солардың жарқырап шығуы үшін Министр, Депутаттар не жасады?
Жыл сайын бөлініп жатырған миллиардтаған ақшаның нәтижесі қайда?
Албания,Беларусия,Литвамен құрығанда тең ойын ойнай алмау сұмдық, ұят!
3 миллион халқы бар Албания “миллион айлық алатын” құраманы оп-оңай ұта салды!
Экономикасы төмен, халқы 6 есе аз елдің ойыншылары Италия командаларында ойнайды!
Біздің үкімет футбол дамыту үшін не жасады? 29 жыл бойы спорт дамыту үшін қандай жоспар құрды?
Миллиондаған ақшаның нәтижесі қайда!?
Деңгейіміз Фарер аралдары мен Лихтенштейн болды ма?
Масқара! Ұят! Құрама ойыншылары үшін ұят!
Біздің серіктес: FONBET