Испания құрамасының 32 жасар ойыншысы Давид Сильва жақын арада ұлттық құрама сапынан кету туралы шешім қабылдайтынын мәлімдеді.
"Испания құрамасының сапында өнер көрсетуімді жалғастырарым туралы айта алмаймын. Жақын күндері немесе аптада Манчестерге келген соң шешім қабылдаймын", - деді "Манчестер Ситидің" ойыншысы.
Давид Сильва Испания құрамасы сапында 129 ойын өткізген. Құрама сапында екі мәрте Еуропа чемпионы және Әлем чемпионы атанған.