
Дастан Сәтпаев
«Челсимен» келісімшартқа отырған алматылық «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың трансферлік құны 500 мың еуро (261,7 миллион теңге) деп бағаланып отыр.
Бұл көрсеткіш «Қайраттың» Суперкубоктағы жеңісінен кейін Transfermarkt порталында жаңартылды.
Отандық футболшылардың арасында алматылық клубтың түлегі ең қымбат ойыншылар тізімінде 16-орынға жайғасты. Рейтингте сондай-ақ, Абат Айымбетов, Ян Вороговский, Стас Покатилов, Рамазан Оразов, Игорь Шацкий және басқа да танымал футболшылар бар.
Ал әлемдік рейтингке сәйкес Д. Сәтпаев өз жасындағы ойыншылар арасында 13-орынға жайғасқан. Бұл тізімде отандасымыздың аты «Барселона», «Арсенал», «Атлетик Бильбао» сияқты топ-клубтардың жас таланттарымен қатар аталады.
Біздің серіктес: FONBET