Дастан Сәтпаев: гол салғаныма әрине қуаныштымын

03.03.2025, 13:55

Дастан Сәтпаев ҚПЛ-дің бірінші турындағы «Астана» - «Қайрат» кездесуінің нәтижесіне байланысты пікірімен бөлісті.

Дастан Сәтпаев: гол салғаныма әрине қуаныштымын
Дастан Сәтпаев "Астана" қақпасына салған голын тойлауда

Айта кетейік, «Астана Арена» алаңындағы ойында алматылық клубтың шабуылшысы 67-минутта гол соғып, таразы басын теңестірген еді. Ал алғашқы турдағы ойында қос клуб ұпай бөлісті (1:1).   

«Ең алдымен баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Ал ойынға қатысты айтсам, кездесу өте күрделі өтті, себебі бірінші бәсекеде-ақ бізге мықты қарсылас тап болған. Оның үстіне жоспардан тыс жағдайлар орын алып, мені ойламаған жерден алаңға шығарып жіберді. Гол салғаныма әрине қуаныштымын, алайда нәтижеге көңіліміз толмай тұрғаны рас. Бірақ алда жұмыс істеп, шеберлігімізді шыңдай түсеміз», - деген болатын жас талант.

Естеріңізде болса, 16-жастағы Дастан Сәтпаев «Челсимен» келісімшартқа отырды. «Қайрат» академиясының түлегі кәмелетке толғанша алматылық клуб сапында доп тебе тұрмақ. Қазақстан жастар құрамасының ойыншысын 18-ге толғанша «Челсиден» келетін арнайы маман дайындап, жетілдіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×