Дани Ольмо қатарға қосылды

«Барселона» командасының ойыншысы жарақатынан айықты

Дани Ольмо қатарға қосылды

ДАНИ ОЛЬМОНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

«Барселона» командасының ойыншысы жарақатынан айығып, командамен бірге жаттығуға кірісті. Ольмо «Жиронамен» өткен матчта жарақат алып, клуб сапындағы алты ойыннан тыс қалған еді. Енді команда үшін барын салып, тез арада қалыпқа келгенін байқап отырмыз. Тіпті Ұлттар лигасының бәсекелерінен де тыс қалды. Ямаль 10-шы нөмірді иемденіп алған еді. 10 демекші жартылай қорғаушы 10-тур аясындағы «Севильяға» қарсы ойынға қосалқы құрамнан шығуы мүмкін. 

КОМАНДАНЫҢ ЖАҢА ЖҰЛДЫЗЫ?

«Барселона» Ольмоны қатарға қосып, тағы бір қозғаушы күш алған секілді. Өйткені, бұл ойыншы келе сала 3 гол соғып үлгеріпті. Алғашқы ойында «Райо Вальекано» қақпасына гол соқты. Ізін суытпай кезекті ойында «Вальядолид» қақпасынан саңылау таба білді. Жоғарыда айтқан «Жиронаға» қарсы ойында жарақат алғанымен, гол соғып, команданы жеңіске жетелегені тағы бар. Қысқасы, жарақат кесірін тигізбесе, тым жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Көрейік. Бәрі уақыттың еншісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×