ЧЛ-ның 1/8 финалдық матчтарына болжам - 5.94

04.03.2025, 17:40

«ПСВ» - «Арсенал» - 1.80 

ЧЛ-ның 1/8 финалдық матчтарына болжам -  5.94
«Реал» Мадрид - «Атлетико» кездесуі

Петер Боштың командасы биыл ЧЛ-да кішігірім сенсация жасап үлгерді - «Ювентусты» ұтып, 1/8 финалға аяқ басып отыр. Енді «Арсеналға» шамасы жете ме? 

Бүгін қос команда арасында өте тартысты кездесу күтілуде. Англиялық клуб анық фаворит, алайда «канонирлерге» оңай болмайтын секілді. Алаң иелері ЧЛ-дағы 11 матчта негізгі уақытта жеңілмей келеді. Бұған Микель Артета шәкірттерінің АПЛ-дегі сүреңсіз ойынын қосыңыз - соңғы 5 кездесудің екеуінде ғана жеңіске жете алды. Одан кейін Сака, Хаверц және Мартинелли сынды негізгі ойыншылардың жарақаты да лондондықтардың жағдайын қиындатпаса жеңілдік бермесі анық. 

Қос команданың шабуыл шебіндегі нәтижесіз ойынын ойға ала отырып мынадай болжам ұсынамыз - матч тоталы 2,5-нан аз. Бұған Fonbet.kz 1.80 коэффициент береді. 

«Реал» Мадрид - «Атлетико» - 1.85

ЧЛ-ның бүгінгі ойын күніндегі ең қызықты матч. Испания Примерасының екінші-үшінші орнындағы клубтардың қайсысы келесі кезеңге лайық? 

Еурокубоктегі мадридтік дербиге қос клуб екі түрлі көңіл-күйде келіп отыр, Карло Анчелоттидің командасы чемпионаттағы соңғы бес ойынның тек біреуінде жеңіске жете алған. Ал «Бетистен» есе жіберген матчта (1:2) тіпті қақпа бағанасына 2 соққы бағыттап, төмен көрсеткішпен таңқалдырды. 

Ал Диего Симеоненің командасы қазір бабында. Чемпионатта 2-орында, ЧЛ-ның негізгі кезеңін үздік 8-тің қатарында аяқтады. Мадридтік клуб 26 турда небары екі-ақ ойында ұтылып қалды. Команданың қорғанысы әдеттегідей мүлтіксіз. Коке мен Аспиликуэтадан басқа ойыншының барлығы қатарда. 

Біздің болжам - қонақтар жеңілмейді. «Атлетико» ұтылмайды деген нұсқаға 1.85 коэффициентімен бәс тігуге болады. 

«Брюгге» - «Астон Вилла» - 1.53

Биылғы ЧЛ-ның жаңа форматындағы тағы бір сенсацияның авторы «Брюгге» Унай Эмеридің «Астон Вилласын» қабылдайды. Қай команда келесі кезеңге өтеді? Таразылап көрдік. 

Плей-оффқа әупірімдеп шыққан бельгиялық клуб 1/16 да «Аталантадан» айласын асырып кетті. Джан Паоло Гасперинидің командасы қос кездесуде де басым бола тұрып, «ұшып» кетті. «Брюгге» өз біріншілігінде тек екінші, «Генктен» бақандай 9 ұпай қалып отыр. Соңғы үш ойында бірде-бір жеңіс жоқ. Бір жағынан биыл ЧЛ-да өз алаңындағы соңғы төрт матчта жеңілмеген. 

«Астон Вилла» биыл АПЛ-де тек 10-орында. Унай Эмеридің шәкірттері тұрақсыз ойынымен көзге түсуде. Өткен турда күтпеген жерден «Кристал Пэластан» ойсырай ұтылды (1:4). Ал оған дейін «Ливерпульмен» ұпай бөлісіп (2:2), «Челсиді» ұтып кеткен еді (2:1). 

Біз бұл ойында үлкен тәуекелсіз нұсқа - матчтың тоталы 2-ден көп болады дегенді таңдауға кеңес береміз. Бұған Fonbet.kz 1.53 коэффициент тарту етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×