Екі ағылшындық клуб бірінші таймның 21 минутына дейін 5 гол соқты.
Манчестердегі жауапты ойында "Манчестер Сити" мен "Тоттенхэм" де ашық футбол көрсетуде. Небəрі 4 минутта Рахим Стерлинг есеп ашса, 7 минутта "Тоттенхэм" шабуылшысы Сон Хын Мин есепті теңестіріп кетті. Осы голдан шабыттанған Сон 10 минутта дубль жасап тынды. Алайда, алаң қожайындары тез ес жиып, Бернардо Силваның арқасында 11 минутта таразы басын теңестірді. Ал 20 минутта Рахим Стерлинг Кевин де Брюйненің пасынан кейін Уго Льористі қапы қалдырып, Ситиді 3-2 есебімен алға шығарды. Осыдан соң тайм соңына дейін екі команда да оқтын-оқтын шабуылдағанымен гол соға алған жоқ.
Бірінші таймның өзінде Рахим Стерлинг пен Сон Хын Мин дубль авторы атанып үлгерді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.