ЧЛ 1/8 финалының жауапты матчтарына болжам

Бүгін, 17:40

«Арсенал» - «ПСВ» - 1.67

ЧЛ 1/8 финалының жауапты матчтарына болжам
«Реал» Мадрид - «Атлетико» кездесуі

Лондондық команда нидерландыдағы бірінші кездесуді сойқан өткізді. 7:1-ден кейін Микель Артета шәкірттеріне қамшы баспайтын шығар деген ой бар. Бірақ кім біледі... 

«Арсенал» АПЛ-ден күдер үзді. Бар күшін канонирлер ЧЛ-ға салатындай көрінеді. Ол үшін бүгін «ПСВ» ны ұтып, «Реал» Мадрид - «Атлетико» жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасуы тиіс. «Арсеналдың» премьер-лигадағы соңғы үш кездесуі нәтижелі деуге келмейді - «МЮ» мен 1:1, «Ноттингем Форестпен» де ұпай бөліскен 0:0. Ал «Вест Хэмнен» мүлде ұтылып қалған болатын 0:1.

«ПСВ» «Ювентусты» қапы қалдырған соң жанкүйерлері командадан тағы бір ерлік күтті. Алайда өз алаңында Петер Босстың командасы азулы қарсыласынан ірі есеппен жеңіліп, мүмкіндіктен толықтай айырылды деуге болады. Бүгін нидерландылық клуб сол жанкүйер намысы үшін ғана ойнайды-ау. 

Біздің болжам матчтың жалпы тоталы 3 тен кем болады. Fonbet.kz-те бұған 1.67 коэффициентімен бәс тігуге болады. 

«Лилль» - «Боруссия» Дортмунд - 1.95

Биылғы ЧЛ-ның басты жаңалығының бірі Бруно Женезионың командасы. «Лилльді» шыны керек көпшілік негізгі кезеңнің үздік сегіздігінің қатарынан күткен жоқ. Бірақ - 7-орын мен керемет жеңістер. 1/8 дің бірінші бәсекесінде де франциялық клуб тәуір ойнап, тең нәтижемен қайтты. Сырт алаңдағы 1:1-ден кейін «Лилльдің» ширек финалға аттайтын жақсы мүмкіндігі бар. Оның үстіне ЧЛ-да биыл әлі өз алаңында жеңіліп көрмегенін де ескеру керек. 

«Боруссия» жеңіп тұрып, тиімді есепті уысынан шығарып алды. Нико Ковач келгелі ойындары түрленгенмен түпкілікті өзгеріс әлі байқалмайды. Бундеслигада тек 10-орын. Былтыр финалға дейін барған неміс клубы биыл қарт құрлықтағы басты турнирден тағы дәмелі ме? Бірақ ол үшін бүгін жақсы қарқын алған Бруно Женезионың командасын тоқтатуы тиіс. 

«Лилль» келесі кезеңге өтеді деп есептейміз. Бұл нұсқаға сіздер 1.95 коэффициентімен бәс тіге аласыздар. 

«Астон Вилла» - «Брюгге» - 2.15

Унай Эмери Еуропа Лигасынан жалығып, жаңа турнирдің трофейін олжалауды мақсат еткендей. Бір апта бұрынғы 3:1-ден кейін «Астон Вилла» АПЛ-де де жеңісті есеп тіркеді - «Брентфордты» қапы қалдырды (1:0). Жалпы, бирмингемдіктер өз алаңындағы соңғы 15 кездесуде жеңілмей келеді. 

«Брюггенің» ЧЛ-дағы сапары осымен аяқталатын секілді. 1/16 финалдық кезеңдегі жетістігінің өзі неге тұрады? Қос ойында да А Сериясының серкесі «Аталантаны» ұтып, айды аспанға шығарғаны жанкүйерлерінің жадында. Ол біраз есте жүретіндей жеңіс болды. Ал бүгін сондай тағы бір көзсіз ерлік жасай ала ма? 

Болжам - ойынның жалпы тоталы 3-тен көп. Fonbet.kz-те бұған 2.15 коэффициентімен бәс тігуге болады. 

«Атлетико» - «Реал» Мадрид - 1.50

Мадридтік дерби бір апта бұрын өте тартысты өтіп есте қалған. Бүгін де сол сценарий қайталана? 

«Атлетико» қос команданың бірінші кездесуінен кейін Ла Лигада «Хетафедан» есе жіберді - 1:2. Бірақ Диего Симеоненың командасы бір ұпайлық айырмамен ғана қалып келеді көш басындағы «Реал» мен «Барселонадан». Сондықтан, Испания чемпионатында да талас әлі алда. 

Карло Анчелотти біраз сынға қалып жүргенімен командасын ЧЛ-ға ерекше түрлендіріп шығады. Өткен кезеңде «Манчестер Ситиді» еш қиындықсыз жолда қалдырған мадридтік клуб ширек финалға аршындап басып келеді. Бүгін сырт алаңда тең нәтиже де жеткілікті.  

Бүгінгі ойын нәтижелі болмайды деген жорамал бар. Кездесудің жалпы тоталы 3.5-нан аз деген нұсқа қалай? Егер құп көрсеңіздер Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінің 1.50 коэффициенті дайын тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×