ЧЛ 1/8 финалдық кезеңінің жауапты матчтарына болжам

11.03.2025, 16:30

«Байер» - «Бавария» - 1.60

ЧЛ 1/8 финалдық кезеңінің жауапты матчтарына болжам
"Фейеноорд" - "Интер" кездесуі

Хаби Алонсоның командасы бір апта бұрынғы есесін қайтара ала ма? Мюнхендегі сүреңсіз ойынды жуып-шаю үшін «фармацевттер» бүгін бойынан асыра секіруі керек. Әйтпеген жағдайда ширек финалға мюнхендік команда шығады.

«Байер» Бундеслигада ұтылды. Өткен турда өз алаңында «Вердерден» жауапсыз екі гол жіберіп, қауқарсыздық танытқан. Бірақ, бұл Хаби Алонсоның командасын екінші сатыдан сырғыта алған жоқ. «Баварияға» да жақындатпады – көшбасшыдан сол баяғы 8 ұпай қалып келеді. Бундеслигадағы осылайша босаңсу танытудың сыры неде? Испаниялық маман тағы да тактикалық айлаға салып, қарымта ойында «Баварияны» қапы қалдыруды ойлай ма?

Венсан Компанидің шәкірттері үшін де ішкі біріншіліктің өткен туры сәтсіз болды. Мюнхендіктіктер күтпеген жерден «Бохумнен» есе жіберген (2:3). Харри Кейн мен компания қатарда болса бүгін «Байермен» бәсекеде соның қарымын қайтаруға тырысады.

Болжам – екі команда да гол салады. «Байер» бұл дуэльде голсыз кетпеуі тиіс, өз алаңында ойнайтыны да басты фактор. Алайда, Флориан Вирцтің жоқтығы кәдімгідей минус болайын деп тұр алаң иелері үшін. Ал қонақтардың шабуылдағы әлеуетін айтудың қажеті жоқ деп білеміз. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі бұған 1.60 коэффициент ұсынады.

«Ливерпуль» - «ПСЖ» - 2.15

«Мерсисайдтықтар» Парижден ғажайыптың күшімен ғана жеңілмей қайтты. Әйтпесе, «Ливерпульдің» матч бойы қорғаныстан шыға алмаған. Арне Слоттің командасы қос майданда да табысты – ливерпульдік клуб 5 минутсыз чемпион. «Арсеналдың» арадағы 15 ұпайды еңсермейтіні даусыз. Сондықтан, алаң иелері қазірдің өзінде ЧЛ-ға бар күшін сала берсе болады. Дегенмен, париждік клуб бүгін алаң иелерін біраз әурелейтіні сөзсіз.

«ПСЖ» алғашқы ойыннан кейін бүгінгі бәсекеге тіс қайрап келетіні даусыз. «Ливерпуль» сияқты Луис Энрике командасының да өз чемпионатындағы жағдайы керемет – екіншідегі «Марсельден» 16 ұпай алда тұр. Париждіктердің статистикасы сұрапыл - соңғы 12 матчтың 11-інде жеңіске жеткен. Сондай-ақ, соңғы 22 ойынның 21-інде гол салған екен.

«ПСЖ» бірінші бәсекеден кейін сабақ алып бірінші таймда-ақ нәтиже жасауға көшеді. Қонақтар үзіліске дейін гол соғады деп топшылаймыз. Оның коэффициенті 2.15.

«Интер» - «Фейеноорд» - 2.25

«Интер» нидерланды жеріндегі матчта өте тиімді нәтижеге жеткен. Робин Ван Персидің шәкірттері апта бұрынғы кездесуде аянып қалған жоқ.

Миландық ұжым бірінші бәсекеде 2:0-мен басым түсіп, бүгін ширек финалға шығуға ниетті. Бірақ роттердамдық ұжымның да өз айтары бар. «Интер» А Сериясында бірінші орында. Алайда, «Наполи» мен «Аталанта» өкшелеп қалды. Қысқасы, миландықтарға екі майданда да оңай тимейін деп тұр.

«Фейеноорд» өткен кезеңде «Миланды» ұтып, айды аспанға шығарған. Бірақ, тағы бір миландық клубқа қарсылық таныту әлдеқайда қиын болып тұр. Робин Ван Перси бірінші мачтан кейін тиісті нұсқаулықтарын берген болар. Себебі, онсыз нидерландылық клубқа бүгінгі қарсыласының осал тұсын табу өте күрделі. «Интер» өзінің алаңында 2:0-дік басымдықты жалпы ешкімге оңай бере қоймайды. «Фейеноорд» ішкі біріншілігінде 5-орында тұр. Командаға үздік үштікке кірудің өзі ерлік болғалы тұр. Ал бапкерлік қызметте ең үлкен клубты тізгіндеген Робин Ван Персиге «Интерді» ұтып кету ерекше плюс болар еді.   

Болжам – матчтың жалпы тоталы 2.5-нан кем. Fonbet.kz-те осы нұсқаға 2.25 коэффициентімен бәс тігуге болады.         

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×