ЧЛ 1/16 финалдық кезеңінің қарымта кездесулеріне болжам – 9,3219 кф

18.02.2025, 11:55

«Аталанта» - «Брюгге» - 2.30 кф

ЧЛ 1/16 финалдық кезеңінің қарымта кездесулеріне болжам – 9,3219 кф
"Фейеноорд" футболшылары голдарын тойлауда

Бельгиядағы бәсекеде командалар терезесі тең ойнап, деңгейлес көрінген. Матчтың соңында ғана алаң иелері жеңісті жұлып ала алды. Онда да күмәнді пенальтидің арқасында. Енді «Брюгге» сол жеңістің кездейсоқтық емес екенін дәлелдеуі тиіс. Себебі, жұптың фавориті саналған Джан Пьеро Гасперини командасының тіс қайрап кеткені даусыз.

Бергамаскіліктер өз алаңында өткен соңғы екі матчта қақпаларын голдан аман алып қала алмады. Жалпы, биыл «Аталанта» қорғаныста осал көрінеді. Бүгін осы позицияға ерекше көңіл бөлетін секілді алаң иелері. Бельгиялықтар да бірінші кездесудегі тиімді есепті ойлап, көп тәуекелге бара қоймайтындай. Сондықтан біз бұл ойында тотал 2,5-тен кем болады деп болжап отырмыз. Fonbet.kz бұған 2.30 коэффициент береді.

«Бавария» - «Селтик» - 2.10

Апта бұрынғы кездесуде «Бавария» өзінің басымдығын айқын дәлелдеді. Енді мюнхендіктер бүкіл сұраққа нүкте қоюы тиіс. Венсан Компанидің командасы Бундеслигадағы шаруасын реттеп қойған десе де болады – екінші орындағы «Байерден» сегіз ұпайға алда. Өткен турда сол бәсекелестерімен тең ойнап (0:0) турнирлік кестедегі жағдайын жақсарта түсті. Осылайша «Селтикке» қарсы матчта алаң иелерін алаңдататын фактор аз. Десе де, бүгін «Бавария» үнемді режимді ұстанатын секілді (мюнхендік команданың осылай істейтіні бар). Неміс мәшінесінің олай істейтін жөні бар – оған команданың класы мен сырт алаңдағы есеп толық мүмкіндік беруде. Ал кельттер 1:2 гандикапын қайтара алады дегенге сену өте-мөте қиын. Біздіңше алаң иелері көп күш жұмсамай келесі кезеңге өтуге ниетті.

Сондықтан бұл ойынның тоталы 3,5-нан аз болады деп долбарладық. Бұған Fonbet.kz 2.10 коэффициент беруде.

«Милан» - «Фейеноорд» - 1.93

Бұл жұпта «Милан» анық фаворит саналған, бірақ бірінші бәсекеде роттердамдық клуб өліспей-беріспейтінін байқатты. 1:0 әрине керемет нәтиже емес, әсіресе қарымта ойын қарсыласыңның алаңында өтетінін ескерсең. Десе де, алғашқы матч «Фейенордтың» келесі кезеңге шығатын мүмкіндігі барын аңғартты. Ал «Милан» Сержиу Консейсаудың басшылығымен бүгін апта бұрынғы кеткен есені қайтара ала ма?

Миландықтар өзінің біріншілігінде «Веронаны» 1:0-мен ұтып, қатарынан екінші жеңісіне жетті. Бірақ бар ойы «Фейенордпен» өтетін қарымта бәсекеде екені айтпаса да түсінікті еді. Сондықтан бүгінгі ойын күніндегі ең тартысты матч осы екі ұжымның арасында бола ма деп болжаймыз. Қалай дегенде де қызықты кездесу күтіп тұр.

Статистика не дейді? Бүгінгі алаң иелері үйінде өткен соңғы жеті кездесудің барлығында гол салыпты. Бұл керемет көрсеткіш, иә? Ал бірақ ЧЛ-ның соңғы матчтарында үнемі қақпасын голдан аман алып қала алмай келеді. Нидерландылық клубтың да қорғанысы көңіл көншітпейді. Матчтың маңызы ескеріп қос команда гол соғады деген нұсқаны құп көріп отырмыз. Бұған Fonbet.kz 1.93 коэффициент ұсынады.     

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×