Чемпиондар лигасының жаңа жүйесіне клубтар неге қарсы?

14.05.2019, 17:06
Чемпиондар лигасының жаңа жүйесіне клубтар неге қарсы?
Еуропадағы футбол клубтарының басым бөлігі Чемпиондар лигасының жаңа форматына қарсы шығып отыр. Бұл туралы Ньон қаласында Еуропа кәсіби футбол лигалары қауымдастығы мен УЕФА атқарушы комитетінің кездесуінде мәлім болды. Жиында клубтар арасындағы турнирдің 2024-ші жылдан кейінгі жағдайы талқыланған еді. Жоспар бойынша чемпиондар лигасы бірнеше дивизионға бөлінеді. Сәтсіз өнер көрсеткен командалар қатардан шығып қалады. Кәсіби футбол лигалары қауымдастығының басшысы Ларс-Кристер Ольссон жаңа форматтың ішкі чемпионаттарға кесірі тиетінін айтады. Ларс-Кристер ОЛЬССОН – EPFL президенті: -"Біздің клубтардың басым бөлігі Еурокубокта спорттық жетістікке жеткен командалардың ойнағанын қалайды. Біз УЕФА-ның Чемпиондар лигасында реформа жасағысы келетінін қолдаймыз. Алайда бірнеше дивизион құрып, жоғарғы және төменгі топқа бөлуге қарсымыз. Себебі мұндай жағдайда турнир жабық лигаға айналады. Матчтардың көбейуінен кейін УЕФА-да бос күндер қалмайды. Ал, демалыс күндері ішкі чемпионаттарға арналған". УЕФА өкілдері чемпиондар лигасының ойындарын демалыс күндері өткізу туралы жаңалықты теріске шығарды. Ольссонның көзқарасын Испания Ла Лигасының басшысы Хавьер Тебас та қуаттап отыр. Хавьер ТЕБАС – Испания Ла Лигасының басшысы: -"Кездесуде тараптардың көзқарасы тыңдалды. Клубтар Еуропа турнирлеріндегі кей реформаларға қарсылық танытып жатыр. Мұндай өзгерістерге тоқтау салынды. Карл Ольссон айтқандай, бұл дұрыс жол емес. Жиында біздің пікірлеріміз басым болды".
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×