Чемпиондар лигасы: биылғы жылы Еуропа королі кім болады?

21.02.2025, 15:11

Қаңтар айында УЕФА Чемпиондар Лигасының жаңа, бұрынғыдан ұзақ топтық кезеңі аяқталды.

Чемпиондар лигасы: биылғы жылы Еуропа королі кім болады?

Бұған дейін аталған турнирге 32 команда қатысып келген болса, биылдан бастап олардың саны  36 – ға өскен. Осы 36 команда бір лигада ойнайды және барлығы бір-бірімен бәсекеге түседі. Оған арналған бірыңғай лиганың әсерінен,бірінші негізгі кезең - лига кезеңі деп аталды. Енді Чемпиондар Лигасының қорытынды турнирлік кестесі жарыстың келесі жеребе тарту рәсіміне әлдеқайда күшті әсер етеді. Айта кетейік, осыған дейін бәрі бірінші кезеңде, жеңімпаз болған сегіз топқа байланысты еді. Жаңа форматта жеңіс туын желбірететін қай команда болмақ?

УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф ойындарындағы жаңа форматы

Лиганың сегіз турының қорытындысы бойынша, 36 команда үшін жалпы кесте құрылды. Кестеде ұпайларды ескере отырып, шешуші сәтте салынған және есе жіберген голдар арасындағы айырмашылық тіркеледі. Нәтижесінде, плей-оффкезеңі келесідей өтеді:бұрынғыдай барлық плей-офф матчтары (финалдан басқа) екі матчтан тұрады - өз алаңында және сырт алаңда;

Үздік 8 команда тікелей 1/8 финалға жолдама алады;

9-дан 24- орынға дейінгі командалар 1/8 кезеңіне өту үшін қосымша кездесу өткізеді;

Клуб лига кезеңінде қаншалықты жоғары нәтижемен аяқтаса, тор соншалықты оңай болатындай етіп жасалған;

Матч тартысты өтуі үшін УЕФА жеребе тартуды бәрібір өткізеді. Осылайша, плей-офф кезеңінен өткен  әлсіз және  мықты команда 1- немесе 2- лига командасымен ойнайды, ал күштірек қатысушылар жұбы кездейсоқ 3-немесе 4- рейтингтегі командаға тап болады.Еуропалық алпауыттардың барлығы сегіздікке еніп, қосымша кезеңді айналып өте алмады.  Реал Мадрид пен Манчестер Сити арасында тартысты ойын болады деп сенеміз.

2024/2025 жылғы ойынның фавориттері

Букмекерлік кеңселер көпшіліктің керіағар пікіріне қарамастан, болжамдар мен талдауларға қаржылай жауап береді. Олардың пікірінше, плей-офф кезеңі басталмай тұрып, Чемпиондар лигасының жеңімпаздары төмендегі пайыздық көрсеткішпен сипатталады:

         •        «Ливерпуль» - 18%;

         •        «Барселона» - 14%;

         •        «Арсенал» (Лондон) - 13%;

         •        «Реал» (Мадрид) және «Бавария» (Мюнхен) - әрқайсысына 10%;

         •        «Интер» (Милан) - 7%;

         •        «Пари Сен-Жермен» (Париж) - 6%.

Сонымен қатар, Чемпиондар лигасы кубогын жеңу мүмкіндігі «Атлетико» (Мадрид), «Байер» (Леверкузен), «Астон Вилла» (Бирмингем) командаларына тән. Десе де, олардың жеңісі қалған командалардың көрсеткен нәтижесін есепке алмағанда, тарихи сенсация шегінде тұр.

Ливерпуль: Маусым  көшбасшылары

Мерсисайдтықтар лига кезеңінде көңіл қуантарлықтай өнер көрсетті. Жеті реткі матчта жеңіске жетіп, бөріктерін аспанға атқан қуанышы ұзаққа созылмады. Соңғы түйенің жүгі ауыр деген сегізінші матчта жеңісті қолдан жіберіп алды. «Ливерпуль» Премьер-Лигаға сенімді түрде өтуде, сондықтан жанкүйерлері Салах және оның командасы маусымның барлық жарыстарында жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеді.

Барселона: Фликтің сәтті реформалары

Каталондықтар скептиктер күткеннен де жақсы өнер көрсетуде. Олардың жоғары жетістікке жету мүмкіндігі тек турнирлік кестедегі 2-орынға ғана емес, сондай-ақ “Бенфика”, дортмундтық “Боруссия” және “Баварияны” жеңгеніне де негізделген. Бапкердің жаңа тәсілдері, Левандовский мен Щенснының тәжірибесі және Ламальдың таланты жақсы нәтиже беруі мүмкін.

Арсенал: Артета жобасының нәтижесі

«Канонирлердің» бас бапкері ұзақ уақыт мінсіз ойын өрнегін іздеп, ақыры команда құрылымын жетілдірудің ең биік шыңына жеткендей. Премьер-Лигадағы чемпиондыққа талас пен Чемпиондар Лигасындағы сәтті маусым жанкүйерлерге жаңа трофей туралы ойлай беруге мүмкіндік береді. Еуроаренада лондондықтар “ПСЖ”, “Спортинг” және “Монаконы” тізе бүктірді.

Реал Мадрид: мәңгілік фаворит

Корольдік клуб құрамда ВинисиусДжуниор мен Мбаппе ойнаған кездеқашанда кубокты талап етеді. Тіпті "Манчестер Ситимен”өткен дағдарысқа толы матчтардың өзі "Реалдың”жеңімпаз атануына кедергі болмауы мүмкін.

Бавария: Бундеслигаға басымдық

Өткен маусымда Германия чемпиондығын жоғалтқаннан кейін, мюнхендіктер бұл маусымда Чемпиондар Лигасында сәл бәсеңдеу көрінді. Олар “Фейеноорд”, “Барселона” және “Астон Вилламен” өткен матчтарда ұпай жоғалтты. Дегенмен, “Бенфика” мен “ПСЖ”-ны жеңе алды. ВенсанКомпаниплей-офф кезеңінде Олисе мен команданы қалай ынталандыру керектігін ойластыратыны анық.

ӘЛЕМНҰР ҚУАНДЫҚ 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×