Шілденің 18-нен 19-на қараған түні Чемпиондар лигасы 2-ші іріктеу кезеңінің барлық қатысушылары анықталды. Бұл кезеңнің жеребесі алдын-ала тартылып қойған еді.
2-ші іріктеу кезеңінде өз елдерінің чемпиондарынан басқа, мықтырақ лигалар саналатын елдердің командалары өзара жұп құрайды. Грекиялық ПАОК Швейцарияның "Базелімен" жұп құраса, Голландияның "Аякс" клубы аустриялық "Штурммен" келесі кезеңге жолдаманы сарапқа салады.
Алғашқы кездесулер шілденің 24 мен 25-терінде, қарымта кездесулер шілденің 31-і мен тамыздың 1-де өтеді.
Қазақстан чемпионы, "Астана" ФК алғашқы матчын өз алаңында өткізеді.
Чемпиондар лигасы
2-ші іріктеу кезеңі
"Астана" (Қазақстан) - "Мидтьюллан" (Дания)
"Лудогорец"(Болгария) - "Видеотон"(Венгрия)
"Кукеси" (Албания) - "Карабах" (Әзірбайжан)
ЧФР (Румыния) - "Мальме"(Швеция)
"Динамо" З (Хорватия) - "Хапоэль" Б-Ш(Израиль)
"Црвена Звезда"(Сербия) - "Судува" (Литва)
БАТЭ (Белоруссия) - ХИК (Финляндия)
"Шкендия" (Македония) - "Шериф" (Молдавия)
"Легия" (Польша) - "Спартак" Тр (Словакия)
"Селтик" (Шотландия) - "Русенборг" (Норвегия)
Мықты лигалар жұптары
ПАОК (Греция) - "Базель" (Швейцария)
"Аякс" (Голландия) - "Штурм" (Аустрия)