«Челси» футбол клубы трансферлік шектеу алынғаннан кейін, осы жазда трансферлік нарықта белсенді жұмыс істейтін санаулы командалардың бірі болмақ.
Ағылшын клубы қажет емес футболшыларды сату арқылы жас футболшы Джейдон Санчоны өз қатарына қоспақ. Джейдон Санчоның трансферлік құны 120 млн еуроны құрап отыр.
Daily Express-тің хабарлауынша, «Челси» басшылығы клубтың бас бапкері Фрэнк Лэмпардпен клуб тарихындағы ең қымбат трансфер жасау үшін сатылатын керексіз ойыншылардың тізімін жасап қойған. Олар "Монако" сапында жалда жүрген Тьемуэ Бакайоко, "Атлетико Мадрид" сапында жалда жүрген Альваро Мората және "Аталанта" сапында жалда ойнап жүрген Марио Пашалич болмақ. Тьемуэ Бакайоко 35 млн еуроға бағаланса, Альваро Мората 55 млн еуро, ал Марио Пашалич 15 млн еуроға бағаланып отыр. Сондай-ақ, клуб Эмерсон Палмери, Маркос Алонсоны да сатуға шешім қабылдаған. Сонымен қатар Челсидың 40-тан астам жалда жүрген футболшылары бар, олар команда бюджетіне үлкен қаражат әкеледі. Және де өткен жылы Реал Мадрид сапына ауысқан Эден Азардың трансферіне төленген ақша да жұмсала қойған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Джейдон Санчоны сатып алуда басты фавориттер Манчестер Юнайтед және Челси клубтары болып тұр.
Біздің серіктес: FONBET