Бұзық бала марапатқа ие болды

24.12.2010, 18:36
Бұзық бала марапатқа ие болды
Ағылшындық  «Манчестер Сити» командасының орталық шабуылшысы Марио Балотелли Golden Boy журналының дауыс беру қорытындысы бойынша Еуропаның 21 жасқа дейінгі футболшылар арасында үздік атанды. « Мен бұл атақтықты жеңіп алғаныма өте қуаныштымын бірақ, бұл атақтықты мен жеңбегенде кім жеңеді ? Екі жыл бұрын мен тек алтыншы орыннан көрінгем ал, 2009 – жылы төртінші болдым. Енді менің де кезегім жетті. Алдағы мақсатым жас ерекшелігіне қарамайтын  «Алтын допты» жеңіп алу. Golden Boy – марапаты, әлемнің үздік футболшы атағына жету үшін жақсы бастама. Қазіргі таңда менің ойымша әлемнің үздік ойыншысы тек – Месси ғана, қалғандары оның көлеңкесінен де көріне алмайды », - деп 20 – жасар ойыншы Tuttosport журалына берген сұхбатында асыра сілтеп жіберген болатын. Балотелли көпшілік қауымға өзінің қызу – қанды мінезімен, өткір сұхбаттарымен белгілі. Миландық «Интер» сапынан кетуінің де басты себебі осы. Нерадзурридің құрамында ойнап жүріп ол сол кездегі клубтың бас бапкері  Жозе Моуринью және миландықтардың жанкүйерлерімен бірнеше рет сөзге келіспей қалып, ақыр аяғында 2010-2011 жылғы маусым басталар алдында, өзінің сүйікті жаттықтырушысы Роберто Манчнидің қол астына келген болатын. Биылғы дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орыннан  ағылшынның 18- жасар жас талантты ойыншысы  Джек Уилшир көрінді.Ағылшындық жанкүйерлер Уилширді қазіргі таңның өзінде, әйгілі «Ливерпулдің» көшбасшысы және капитаны Стивеном Джеррардпен теңеп жүр. Golden Boy жүлдесі Tuttosport баспасымен сегізінші рет беріліп отыр. Ертеректе бұл жүлдемен: 2003 жылы  - Рафаэль Ван дер Ваарт («Аякс»), 2004 жылы - Уэйн Руни (Манчестер Юнайтед), ), 2005 жылы - Лионель Месси («Барселона»), 2006 жылы - Сеск Фабрегас («Арсенал»), 2007 - жылы Серхио Агуэрро («Атлетико») , 2008  жылы - Андерсон («Манчестер Юнайтед»), 2009 жылы - Алешандре Пато («Милан») марапатталған болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×