Юсуп Шадиев отандық футболдың басты мәселелерін тілге тиек етті.
Ардагер сондай-ақ, қазақ және өзбек футболының дамуына салыстыру жүргізген болатын.
«Балалар мен жасөспірімдер футболына көбірек көңіл бөлу керек. База, футбол орталықтарын салу қажет. Қазақстанда бірнеше маусым ғана ойнап кетіп қалатын легионерлерге қыруар қаржы жұмсалады, ал біздің футбол сол тұрған орнынан қозғалмайды, дамымайды. Қазір бізді бұл тұрғыда Ресей мен Украина ғана емес, көрші Өзбекстанның өзі басып озды. Ол жақта өте белсенді түрде инфрақұрылым жүргізіп, жаңа базалар салып, балалармен жұмыс істеуде. Мұның бәрі қазірдің өзінде өз нәтижесін беріп жатыр. Бұл жағынан олардан бірнеше жылға қалып келеміз», - деген еді қазақстандық ардагер.
Айта кетейік, соңғы жылдары өзбек футболында толағай табыстар орын алып жатыр - ала шапанды ағайындар еуропалық топ-клубтардың жейдесін кисе, Өзбекстан құрамасының түрлі жас ерекшелігіндегі командалары жоғары нәтиже көрсетуде. Атап айтсақ, басты құрамасы ӘЧ-2026-ның жолдамасын еншілеуге бір табан жақын.
Біздің серіктес: FONBET