Бұл ойын сәтінде болған жағдай, оны ешкім ауыр қабылдамады - Фернандеш Линделёфпен болған жанжал туралы

03.09.2020, 15:11
Екінші гол Линделёфтың қателігінен кейін кірген еді.
Бұл ойын сәтінде болған жағдай, оны ешкім ауыр қабылдамады - Фернандеш Линделёфпен болған жанжал туралы

«Манчестер Юнайтед» жартылай корғаушысы Бруно Фернандеш Еуропа лигасының жартылай финалындағы «Севильямен» (1:2) болған матч кезінде екінші голды жіберуге себеп болған Виктор Линделёфпен ұрысып қалған болатын.

«Виктор - бұл менің жақсы карым-қатынаста болатын достарымның бірі. Себебі, ол португал тілін біледі. Оның маған Португалияда үйренген алғашқы сөздерін айтты. Біз мұны әрдайым шетелдіктерге үйретеміз. Бірақ бұл ойын сәтінде болған жағдай, оны ешкім ауыр қабылдамады. Содан кейін біз үйге қайттық: ол - Швецияға, мен - Португалияға. Қоштасқанда біз құшақтастық, тіпті сөйлесудің де қажеті болмады. Біз бір-бірімізге не айтқымыз келетінін түсіндік», - деді Фернандеш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×