
Өткен демалыстағы «Астана Аренада» болған матчта Дастан Сәтпаев «Қайраттың» жалғыз голын салған болатын.
Жас ойыншының өнері ағылшын журналистерінің ерекше назарын аударыпты. Соның ішінде бірнешеуін келтіре кеттік.
«16-дағы Дастан Сәтпаев командасының маусымашар кездесуінде алаңға шықты. Ол клубының жалғыз голын салып 1:1 есебімен тең нәтиже сыйлады. Сәтпаевты 2026-жылы жазда міндетті түрде «Челси» сапына қосу керек»,- депті «Chelsea Loan Army» басылымы.
Ал танымал «Vince» аккаунты болса:
- Оның тұңғыш кәсіби матчы
- Қосалқы құрамнан қосылды
- Таразы басын теңестіріп, командасына ұпай сыйлады
- Матчтың үздік ойыншысы аталымына ие болды», - деп жазған болатын.
Сондай-ақ, «Mrlinah» Youtubе-арнасы «Челсидің» болашағы сенімді қолда! Оның 16 жасар таланты Дастан Сәтпаевтың мына бір сұрапыл голына қараңыздаршы. Бұл мүмкін емес», - деп таң-тамаша болса керек.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің бірінші турындағы «Астана» - «Қайрат» бәсекесінде Дастан Сәтпаев алаңға бірінші тайм барысында шығып, 69-минутта мергендік танытты. Бұл 16 жасар шабуылшының ҚПЛ-дегі дебюттік голы.
Біздің серіктес: FONBET