Бұл масқара қашанға дейін жалғасады?

«Тобыл» клубының басшылығы былыққа батты. Өздері шығарып жіберген футболшыдан заң алдында зардап шекті. Мәселенің құны 600 мың еуро.
Бұл масқара қашанға дейін жалғасады?

Қазақ футболында мәселе көп. Бірақ солардың ішіндегі ең сорақысы шет елдік футболшының сотқа арыз жазып, қазақ клубынан қомақты қаржы өндіріп алуы. Ел клубтары тегіс мемлекет бюджетінен қаржыландырылатындықтан бұл сомалардың шетке кетуі жанымызға қатты батады. Сауатсыз менеджерлер мен клуб басшылығының салғырттығы түбі осындай жағдайға алып келіп жатыр. Алайда, сол қателіктерді жасаған адамдар заң алдында жауапқа тартылмай, қызметтерін одан әрі жалғастырып жүріп жатыр.

Мысалы, күні кеше ғана «Тобыл» клубына байланысты ақпарат шықты. Осы командада ойнаған Фернандер Кассай деген футболшы еуропалық сотқа шағымданып, «Тобыл» клубы тиесілі қаржымды төлеп бермеді деп өтемақы сұраған. Сот шешім шығарып, аяқдопшының талабы заңды депті. Енді Қостанай қаласының командасы Орталық Африка елінің ойыншысына 600 мың еуро төлеуі тиіс. Өте қомақты қаржы. Бұл сома Шығыс Еуропадағы көптеген клубтардың бір жылдық бюджеті. Жанымызға қатты бататыны осындай келеңсіз оқиғалардың қазақ футболында жыл сайын қайталанып тұратындығында.

«Тараз» футбол клубында ойнаған Одита Обиора «клуб басшылығы жылдың соңына дейін өлшенген келісімімді бұзды» деп арыз жазып, клубтан қаржының түгел төленуін талап етті. Одан кейін «Қайсар» футбол клубы да осындай дау-дамайға тап болды. «Ертіс» клубы болгариялық бапкер Димитар Димитровқа 700 мың еуро, оның екі көмекшісіне 300 мың еуро қарыз болып шықты. Оның барлығы клубтың желкесінен шықты. Павлодар қаласының құрметті азаматы атағын алған болгариялық бапкер сотта жеңіп шыққан соң, «Ертіс» клубы банкрот болып жарияланды. Міне, осындай оқиғаларды қазір санамаласақ ұзақ текст жазуға болады.

Мұндай кикілжіңдер ненің салдары деген сауал туындайды. Мысалы, клуб басшысы сербиялық агенттермен келісімге келіп бір ойыншыны клуб қатарына алады. Оны бапкер де ұнатуы мүмкін. Футболшы жақсы ойнап, нәтиже көрсетіп, гол салып жүруі де ғажап емес. Алайда, клуб басшысы қызметінен кеткен соң оның орнына келген басшылық, бапкерді де, легионер футболшыларды да ауыстырғысы келеді. Сол кезде гол салып жүрген легионер жаңа бапкерге де, клуб басшысына да ұнамай қалады. Оны клубтан кетесің деп мәжбүрлеп, командадан шығарып салады. Бірақ, қолында жылдың соңына дейінгі келісімі бар футболшы сотқа шағым беріп, жылдың соңына дейінгі алуы тиіс жалақысын түгел талап етеді. Құжат бойынша барлығы заңды болғандықтан футболшылардың құқығын қорғайтын еуропалық кәсіподақ оны сотқа өткізіп, адвокаттардың көмегімен сотта жеңіп шығады. Сосын клуб бұл соманы амалсыз төлеуі тиіс. Себебі, бұрынғы басшылықтың алған футболшысы жарамсыз болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.75
Ничья
3.895
П2
1.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×