Бүгін Астана уақытымен түнгі 01.00-де Ағылшын Премьер-Лигасының 2018/19 жж. маусымы "Манчестер Юнайтед" - "Лестер" арасындағы кездесумен басталады.
Жозе Моуриньо баптайтын "МЮ" құрамы бойынша біршама қиындықтар орын алуда. Көптеген ойыншылардың жарақаттары бар және ӘЧ-2018-ге қатысушылар командамен толыққанды оқу-жаттығу жиындарына қатыса алмады.
"Лестер" де маусым алды дайындықтарына көңілдері толады, - деп айта алмаймыз. Олар дайындық матчтарының бесеуінің екеуінде ғана жеңіске жете алды. Бүгінгі матчқа толықтай негізгі құрамға иек арта алмайтын сыңайлы. Статистика да "МЮ" жақта болып тұр: Олд Траффордтағы соңғы 20 матчтың біреуінде ғана жеңіске жете алған, ол жеңістері де 1998 жылдың қаңтарында тіркелген екен.
Қызықты фактілер:
- Жозе Моуриньо АПЛ-дың алғашқы матчтарының ешқайсысында жеңіліс таппаған (8 рет ұтыс, 1 рет тең). Орташа ұпайға шақса 2,78, пайыздық көрсеткіші 88,89 % екен. Бұл көрсеткіші АПЛ бапкерлері арасындағы ең үздігі.
- "Лестер" АПЛ-ғы "МЮ-ке" қарсы 8 матчының ешбірінде жеңіске жетпеген.
- "Лестер" Олд Траффордтағы соңғы 8 ойынның 7-де жеңіліс тапқан, ол ойындарда 3 қана гол салған екен.