Бүгін Ливерпуль қаласындағы "Гудисон Парк" стадионында "Эвертон" Премьер-лиганың 8-туры аясында "Манчестер Юнайтедті" қабылдаған болатын. Кездесу 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Португалиялық жартылай қорғаушы Бруно Фернандеш бұл ойында екі гол соқты. "Эвертонға" қарсы матч 26 жастағы футболшының Англия премьер-лигасындағы сырт алаңда өткізген 10-шы ойыны болды. Осы кездесулерде ол "гол + пас" (10 + 4) жүйесі бойынша 14 тиімді іс-әрекетпен көзге түсті. Мұндай жетістік лига тарихында болмаған, деп жазды Opta статистикалық порталы.
Сондай-ақ, бүгінгі матчта Фернандеш өзінің клубтық мансабындағы 100-ші голын соқты. Ол италиялық "Новара" (4 гол), "Удинезе" (11), "Сампдория" (5) және Лиссабондық "Спортинг" (63) клубында өнер көрсетті. Ал "Манчестер Юнайтед" сапында 17 гол соғып үлгерді.
"Манчестер Юнайтед" бүгінгі жеңістен кейін 10 ұпаймен Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 14-орынға көтерілді.
Біздің серіктес: FONBET