Джанпьеро Гасперинидің командасы негізгі кезеңнің соңғы турын ойдағыдай өткізсе, жағдай бұлай болмас еді.
Бергамаскілік клуб соңғы матчтағы сәтсіздіктің салдарынан сегізінші орын мен бірге тікелей жолдамадан айырылып қалды. Бірақ, тоғызыншы сатымен плей-оффқа шыққан «Аталантаға» бүгін де оңай болмайын деп тұр. Бельгия біріншілігінің серкесі «Брюгге» өзінің алаңында өте мықты ойнайды. Десе де, бельгияның атақты ұжымының алдында ЧЛ-ның плей-офынсыз қалу қаупі болған. Алаң иелері тек хорватияның «Динамосынан» қосымша көрсеткіштері бойынша ғана басым түсіп, 24-орынды қанжығалады.
Командалардың ішкі біріншіліктегі жағдайлары ұқсас - «Аталанта» үшінші, ал «Брюгге» тек «Генктен» қалып, екінші сатыға жайғасқан. Қос ұжымның шабуылдағы потенциалы көңілден шығады. Мәселен, бүгінгі матчтың қонақтары А Сериясының соңғы турында «Верона» қақпасына жауапсыз бес гол соқса, «Брюгге» соңғы 16 кездесудің он бесінде қарсылас қақпасынан саңылау тауып келді. Қысқасы, бүгін жанкүйерді шабуылға, тартысқа толы ойын күтіп тұр.
Біздің «Брюгге» - «Аталанта» кездесуіне болжамымыз – алаң иелері екінші таймда гол соғады. «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі бұл нұсқаға тәп-тәуір 1.92 коэффициентін беріп тұр екен. «Брюгге» үзіліске дейін барын көрсете алмаса, екінші таймда кемі бір гол салуы тиіс.
Біздің серіктес: FONBET