Бразилия Мексиканы үйіне қайтарды

03.07.2018, 04:54
Бразилия Мексиканы үйіне қайтарды
  Әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Бразилия құрамасы мен Мексика ұжымы күш сынасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Тартысты өткен ойында бразилиялықтар жеңіске жетті. Есеп тек екінші таймда ашылған. Ойынның 51-ші минутында Неймар қарсылас қақпасын дәл көздеді. Негізгі уақыт аяқталуына санаулы минуттар қалғандла Фирмино есепті еселей түсті. Осылайша, Бразилия құрамасы ширек финалға жолдама алды. Олардың қарсыласы бүгін түнде өтетін Бельгия - Жапония ойынында белгілі болады. Әлем чемпионаты - 2018. 1/8 финал Бразилия - Мексика 2:0 (0:0) Голдар: 51' Неймар, 88' Фирмино Самаре, «Космос Арена»
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×