Бразилия футбол конфедерациясы: "Тите ешқайда кетпейді!"

06.07.2019, 19:09
Бразилия футбол конфедерациясы: "Тите ешқайда кетпейді!"
Бірнеше күн бұрын Америка Кубогының финалы Тите үшін құрама тізгініндегі соңғы ойын болмақ деген жаңалық бірден таралған болатын. Ал бұл мәліметті Бразилия футбол конфедерациясының ресми сайты хабарлады деген жай көпшілікті қатты сендіріп тастады. Өйткені, бапкер мен федерация арасындағы келісім-шарт 2022 жылға дейін жасалған. Бір жағынан "салесао" Титенің басшылығымен келісті ойын өрнегін көрсетіп жүр.  Бұл сөзімізге мына деректер дәлел бола алады. 2016 жылдың жазынна бері іске кіріскен 58 жастағы маманнің басшылығымен құрама 41 матчта 33 рет жеңіске жетіп, 6 рет тең түскен. Тек 2 ойынға ғана қарсыласқа есе жіберді демесеңіз, статистикалық көрсеткіші мақтанарлық. Ал Бразилия футбол конфедерациясы кеше өзінің ресми сайтында Титенің өз қызметінен кетеді деген ақпараттың жалған екенін хабарлады.  "Біз өз тарапымыздан бас бапкер Титенің жұмысына көңіліміз толатынын және оның қызметін соңына дейін жалғастыратынын мәлімдегіміз келеді", - делінген. Айта кетейік, Бразилия 7 шілде күні Америка Кубогының финалында Перу құрамасымен бас жүлдеге таласатын болады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×