Боранбаев: «Вагнердің қанша алатыны маңызды емес, біз үшін оның футбол ойнауға деген құштарлығы маңызды»

10.09.2020, 15:44
Биыл осы қалыпта жалғастыра берсе, армандаған чемпиондыққа қол жеткізетіні анық.
Боранбаев: «Вагнердің қанша алатыны маңызды емес, біз үшін оның футбол ойнауға деген құштарлығы маңызды»

«Қайраттың» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев алматылық клубтың философиясы мен Алексей Шпилевскийдің пайдасына таңдау жасағаны туралы түсіндіріп, Вагнер Лавтың жалақысы туралы айтты.

- Менің білуімше, сіз Вагнер Лавпен ЦСКА-да қиындықтар туындай бастағанда, оны "Қайратқа" алу туралы шешім қабылдадыңыз. Оның агентіне жасалған алғашқы ұсыныс жылына 2,5 миллион еуроны құрайтын жалақы болды. Бұл рас па?

- Біріншіден, мен олардың ЦСКА-мен қандай келіссөздер жүргізгенін білмеймін, бірақ мен олардың дәл сол уақытта келісімшарт жасаса алмайтынын түсіндім. Олар бұл ауысым туралы карантин біткеннен соң жариялағысы келген сияқты, бірақ нәтиже болмады. Ол еркін агент болатын, біз онымен тікелей байланысқа шықтық. 2,5 миллион еуроға келетін болсақ, бізде ондай әңгіме болған жоқ. Қазақстанда мұндай ақшаға ешбір клуб футболшымен келісімшарт жасамайды.

- Вагнердің «Қайраттағы» жалақысы қанша?

- Бізде ойыншылардың сапасына және олардың аттарына байланысты келісімшарттар желісі бар. Бұл біздің бюджетке сәйкес келеді, сондықтан біз оны командаға шақырдық.

- Сонымен, Вагнер қанша алады? Менің мәліметім бойынша, ЦСКА-ның оған ұсынғанындай - жылына 800 мың еуро.

- Солай болсын. Біріншіден, оның алты айлық келісімшарты бар. Екіншіден, егер карантинге байланысты чемпионат тоқтап, біз ойнамасақ, жалақы 70 пайызға қысқарады деп келістік. Ең бастысы оның қанша алатындығында емес, футбол ойнауға деген құштарлығында.

- 16 жылдан бері «Қайрат» чемпион болған жоқ, ал сіз тәжірибесі жетіспейтін жас бапкерді қабылдайсыз. Неліктен Шпилевский?

- Клубтың дамуының өзіндік кезеңдері бар. Бес жыл бұрын, біз алғаш бастаған кезде, футбол дегенді ойлаған да емеспіз. Бізде мынадай түсінік болды: жаттықтырушыны алдым - бұл футбол. Міндет - сіз командаға керек адамдарды уақытында әкеліп, барлық мәселелерді шешу керексіз. Клубтағы өзгерістердің барысында тіпті біз де, басшылар да өзгерді. Жарайды, біз инфрақұрылымды, базаны саламыз, мектеп-интернатты ашамыз, одан кейін не болады? Үш және төрт жылдан кейін біз қандай футбол ойнағымыз келетіні туралы ойлана бастадық. Неліктен Еуропа Лигасының тобына енбейтінімізді, неге чемпиондық атаққа жете алмайтынымызды талдай отырып, біз бір нәрсені түсіндік. Қазақстан чемпионаты өте баяу, егер ол халықаралық аренаға шықса, ол жақта мүлде басқа футбол бар екенін түсіндік.

- Яғни, Шпилевский - сіздің футболыңызға агрессия, жылдамдық бере алатын адам, мен дұрыс түсіндім бе?

- Бұл ойын философиясы

- Тәжірибесі жоқ жаттықтырушы қандай философия бере алады?

- Біз "Лейпциг" клубы және "Редбулл" жүйесімен не болғанын өте жақсы зерттедік. Үш жыл бұрын біз Лейпциг университетінің мамандарын шақырып, барлық жаттықтырушыларымызды дайындадық. Біз олардың тәжірибелерін алып, қолдандық. Шпилевский осы жүйеде жұмыс істеді, оның өзіне тән менталитеті мен білімі бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×