Болжам. «Сельта» жан сақтап, МЮ финалға өтсе...

«Аталанта» ұпай жоғалтып, күтпеген жерден қиындыққа тап болды. Бүгін ондай олқылықтар орын алмауы тиіс.
Болжам. «Сельта» жан сақтап, МЮ финалға өтсе...

"Манчестер Юнайтед" - "Челси"

Англия кубогының жартылай финалдық кездесуі. Екі клуб та қазір мықты. Мю жас бөрілері қазір қасқыр болып алды. Гринвудтың өзі сұрмерген. Марсияль мен Рэшфордтар кәнігі шабуылшылар. Ортада Погба мен Бруно тұр. Олардан қалған допты Матич тереді. "Челсиде" Виллиан мен Пулишич қос қапталдан қысқанда ортада теректей болып Жиру тұрады. Нголо Канте бұл ойынға қатыспайды. Десе де "Челси" гол соғады деп отырмын. МЮ қорғанысы сыр беріп жүр. Оның үстіне бұл матчқа негізгі қорғаушы Люк Шоу қатыспайды. Магуайр дәрінің арқасында ауыртқан аяғын білдіртпей жүр. "Юнайтедтің" шабуылы мықты. "Челси" қақпасына олар да гол салады. Кубоктың ойындары тотал жағынан төмен болса, мына ойын статистикаға бағына қоймас. Екі команда да гол салады. Ойын тоталы 1,5 көп.

"Вильярреал" - "Эйбар"

"Сары сүңгуір қайық" өз алаңында "Эйбарды" жеңуі тиіс. Команда 5 орынды сақтап қалғысы келеді. 5 орын иемденсе "Вильярреал" 2 айдан кейін басталатын Еуропа лигасының топтық кезеңіне топ ете түседі. Ол да жақсы жағдай. Соңғы ойын, осыдан соң демалыс. Несіне аянады? "Вильярреал" тоталы 1,5 көп және жай ғана жеңісін алсаңыздар болады. Өткенде "Реалға" қарсы ойында жеңілген соң, бұл команда чемпионатты жеңіспен аяқтағысы келеді.

"Эспаньол" - "Сельта"

"Эспаньол" чемпионаттан шығып қалған. Бұл командаға түк те керек емес. Ал "Сельтаның" мүмкіндігі бар. Ол үшін осы ойынды жеңсе болды. "Леганес" өз алаңында чемпион болып қойған "Реалды" жеңіп кетсе, "Сельта" осы ойында тең түссе, онда Виго қаласының командасы Сегундаға жолдама жеңіп алады. Ал ол жолдама қазір ешкімге керек емес. Сондықтан Яго Аспас бастаған шеберлер жанын салып ойнайды. Бұл кездесуде олар "Эспаньол" қақпасына кем дегенде 2 гол салады. Гол соғатын жігіттер де жоқ емес. "Сельта" тоталы 1,5 көп.

"Атлетико" Мадрид - "Реал" Сосьедад

"Атлетико" осы ойында 2 ұпай алуы тиіс. Тең нәтижеге 2 ұпай берілмейтіндіктен оған амал жоқ жеңу қажет. Әйтпесе, "Севилья" "Валенсяны" ұтып, 3 орынға көтеріліп алуы мүмкін. Қолда тұрған қоладан айырылып не жын көрінді. Диего Симионе ондайды ұнатпайтын бапкер. Жеңіс қажет пе, жеңеді. Сосьедадтан келген команданың да қазір аса қатты футболға зауқы жоқ. Әбден шаршап, шалдығып, жарақаттан көз ашпай кетті. Менің ойымша "Атлетико" Мадрид Фора (0) деген (1,47 кэф) бәс өте сенімді шығады.

Қадірменді достар, "Леганес" - "Реал" Мадрид кездесуінің есебін тапқан адамды келесі болжам жазбамызда міндетті түрде ұлықтап жазатын боламыз. Есепті дәл тауып көрейікші.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×