Болжам. Лэмпардтың ақылы, Артетаның батылдығы

Кеше берген болжамым 100 пайыз шықты. Пайдасын көргендер де аз емес.
Болжам. Лэмпардтың ақылы, Артетаның батылдығы

https://aladop.kz/post/bolzham-zhozenin-artqa-sheginerge-zholy-zhoq-38805/

"Кристал Пэлас" - "Челси"

"Челсиге" қазір әр ойында ұпай жинау қажет. Бір сүрінсе болды, "Манчестер Юнайтед" жетіп келмекші. Екеуінің арасы қазір небәрі 2 ұпай. Осы турда МЮ сырт алаңда "Астон Вилламен" кездеседі. Демек, Сулшердің командасы 3 ұпай еншілеуі әбден мүмкін. "Кристал" соңғы ойындарды қатарынан жеңіліп келе жатыр. "Лестерге" 3-0 ұтылды. Кристиан Бентеке алаңға орылды. Дегенімен, бельгиялық сұрмерген әлі толықтай бабына келе алған жоқ. Таунсенд ойынын таба алмаса, Заха шабысынан айырылған. Ойыншыларының барлығы сақадай сай "Челси" 3-0 жеңістен соң, осы турда тағы да 3 ұпай еншілеуді жоспарлап отыр. Менің ойымша Фрэнк Лэмпардтың командасы осы ойынды жеңеді. Болмай бара жатса, "Челси" тоталы 1,5 көп деп алсаңыздар да болады.

"Арсенал" - "Лестер"

Жастарды жинаған "Арсенал" асқақтап тұр. Артета жаңа команда жасақтап жатқанын түсінеді. Әлі нақты тұрақтылық жоқ. Дегенімен, клубтың жағдайы жақсарып келеді. Кубоктың жартылай финалына да шығып алды. Енді соңғы күшті салып, АПЛдегі биік орындардың біріне таласып көрмек. Еурокуобоктың да бір жолдамасы болса қатып кетеді. "Лестердің" қақпашысы Каспер Шмейхельдің керемет тұратынын білеміз, дегенімен, осы турда гол жібереді-ау. Вардидің тынысы ашылды. Өткен турда ол дубль жасап, сұрмергендер тізімінде Обомеянгты озып кетті. Джейми Варди Наурыз айынан бері гол соқпап еді. Осы ойынның жалпы тоталы 2 ден көп болады.

"Валенсия" - "Вальядолид"

"Валенсия" бапкер ауыстырды. Жас жігіт кетіп, орнына 50 ден асқан тәжірибиелі маман келді. Негізі клубты жуырда Лоран Блан баптауы тиіс. Француз бапкері "жарқанаттарды" өрге сүйрейтіні анық. Ал құтқарушы Лоран келгенге дейін команда барынша жоғарғы орындарға таласқаны абзал. Ең болмаса Еуропа лигасының бір жолдамасын алып кетсе де жаман емес. Гол соқпайтын, қақпасына голды да көп жібере бермейтін "Вальядолид" ең жабық команда. Дегенімен, "Валенсия" қазір ашулы. Өткен турда олар тең түсіп қалды. Осы ойынды жеңеді деп отырмын. 1х деген бәсті алып сенімді отырсаңыз да қарсы емеспіз.

"Сельта" - "Атлетико" Мадрид

"Атлетико" Мадрид гол соғады дегенге дәл қазір 1,34 коэф беріп тұр. Қорғанысы даладай "Сельта" гол жіберері анық қой. Мората, Коста, Феликс бастаған, Сауль қостаған жігіттер саутамдығын қалдырмайды. Симионенің командасы "Сельтаны" жеңе алады. Фора "Атлетико" (0) 1,45 кэф. Х2.

"Милан" - "Ювентус"

"Милан" сапында қазір Златан Ибраһимович бар. Өткен турда ЗілАтан гол салды. "Милан" 3-0 жеңді. Анау-мынау емес "Лационы" жеңді. Бірақ, бұл жолы Пиолидің шәкірттері өте мығым қорғаныспен кездескелі отыр. "Ювентус" жеңіп, чемпиондыққа сенімді қадам жасауды көздейді. Ары кетсе тең нәтиженің өзі жаман емес. Сарри бәрін есептеп отыр. Шал кісі ғой, одан кейінгі аутсайдерлерді жеңсек те бірдеңе қыламыз дейді. Роналду айып добынан гол салып, сенімділік алды. Бірақ, барлығы Дибалаға байланысты. Пауло бірінші болып гол салып, қорғанысты жарса, ары қарай өзі кете береді. Негізі бір ойым осы матч тең болады деп отыр. Ал шынтуайтына келгенді "Ювентус" мықтырақ. Х2, Фора (0), тоталы 1 көп деп "Ювенің" жолына қарауға болады.

Айтпақшы, өткен турда ойсырай жеңілген "Лацио" кешке "Леччемен" кездеседі. Иммобиле мен Кайседо шығады. Демек, "Лацио" ұтатын шығар, а? Қалай ойлайсыздар?



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.75
Ничья
3.895
П2
1.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×