Болжам. «Лейпциг» - «Атлетико» Мадрид

Матчқа дейінгі жаңалықтарды оқи отырып, өз болжамыңызды шығарыңыз.
Болжам. «Лейпциг» - «Атлетико» Мадрид

Юлиан Нагельсман, РБ "Лейпциг" бас бапкері:

"Атлетико" физикалық тұрғыда мықты команда. Ортадағы Савич пен Хименес жұбы қорғанысты күшейтіп тұр. Біз қаптал арқылы ойнап алаңның ұзындығын пайдаланғымыз келеді. Өз ойын мәнерімізді өзгерткіміз келмейді. Неміс командаларының финалын жасағанымызда нағыз керемет болар еді. Бірақ, "Баварияға" әлі "Барсамен" ойнау қажет. Лиссабонда "Бенфикамен" ойнаған кездегідей киім кимеймін. Бірақ, өзіммен бірге көп зат алып келдім".

Диего Симионе, "Атлетико" Мадрид бас бапкері:

"Өзінің атағын шығарып алған жас бапкері бар командаға қарсы ойнау оңай емес. Бұл команда мықты болмаса Бундеслигада үшінші орын алмас еді. Олар бізге қарағанда аз ойын өткізді. Бірақ, статистикамыз шамамен бірдей екен. Бірақ, бізге бәрібір жеңіс қажет".

Чемпиондар лигасының ширек финалдарында көп гол салғандар:

25: Криштиану Роналду ("Манчестер Юнайтед", "Реал", "Ювентус")

12: Лионель Месси ("Барселона")

10: Рауль Гонсалес ("Реал", "Шальке")

9: Филиппо Индзаги ("Ювентус", "Милан")

9: Андрей Шевченко ("Динамо" Киев, "Милан")

"Лейпциг" пен "Атлетико" М бірінші рет кездескелі тұр. Неміс клубы еурокубоктың кубок жүйесі бойынша өтетін кезеңінде 9 рет ойнағалы тұр. Ал "Атлетиконың" тәжірибесі көбірек. Мадрид командасы үшін бұл алтыншы ширек финал. Соңғы 7 жылда олар екі рет финалға дейін жетті.

"Лейпциг" "Жозе Алваладе" стадионында "Бенфикаға" қарсы матч өткізіп үлгерді. Бұл екі ұжым топтық кезеңде бірге ойнады. Немістер 2-1 есебімен жеңіске жеткен.

Бірінші рет Чемпиондар лигасының плэй-офф сатысына шыққан "Лейпциг" "Тоттенхэмді" өз алаңында 3:0, сырт алаңда 1:0 жеңді.

2018/19 жылғы маусымда "Лейпциг" Бундеслигада 3 орын алды және Германия кубогының финалына шықты. Бұл команда үшін алдағы кездесу еурокубоктегі 3 маусым және 33-матч. "Лейпциг" чемпиондар лигасына топтық кезеңнен келіп бастаған алғашқы дебютант.

Неміс клубы плэй-офф сатысында 6 ойын жеңіп, 1 кездесу жеңілген. Өткен жылы Еуропа лигасының ширек финалында олар "Олимпикке" жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

"Лейпциг" еурокубок турнирлерінде ешқашан ойын соңындағы пенальти сериясына қатысып көрмеген.

"Атлетико" Мадридтен тыс жерлерде өткізетін еурокубок матчтарында сәтсіз ойнайды. Соңғы 7 кездесуде 4 рет жеңілген. Дегенімен соңғы 7 маусымда 5 рет ширек финалда ойнап отыр. Соңғы рет шыққан ширек финалының үшеуінде жеңіске жеткен. Соңғысында олар "Лестерден" басым түсті.

"Лейпциг" G тобында бірінші орын алды

▪ "Бенфика" - "РБ Лейпциг" 1:2 (Сеферович 84; Вернер 69, 78)

▪ "РБ Лейпциг" - "Лион" 0:2 (Депай 11, Террье 65)

▪ "РБ Лейпциг" - "Зенит" 2:1 (Лаймер 49, Забитцер 59; Ракицкий 25)

▪ "Зенит" - "РБ Лейпциг" 0:2 (Демме 45+5, Забитцер 63)

▪ "РБ Лейпциг" - "Бенфика" 2:2 (Форсберг 90 пен, 90'+6; Пицци 20, Карлос Винисиус 59)

▪ "Лион" - "РБ Лейпциг" 2:2 (Ауар 50, Депай 82; Форсберг 9 пен, Вернер 33 пен)

1/8 финал

Бірінші матч (19 ақпан)"Тоттенхэм" - "РБ Лейпциг" 0:1 (Вернер 58 пен)

Екінші матч (10 наурыз)"РБ Лейпциг" - "Тоттенхэм" 3:0 (Забитцер 10 21, Форсберг 87)

(4:0 жалпы)

"Лейпциг" бапкері Юлиан Нагельсманның жасы қазір 33те. Ол өткен жылы "Хоффенхайммен" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.

Ойыншылар құрамы мынандай болуы мүмкін:

"Лейпциг": Гулачи; Клостерманн, Упамекано, Хальстенберг; Лаймер, Забитцер, Кампл, Мюкиле; Форсберг, Нкунку; Шик

Ойнамайды: Конате (сан еті)

Кеткендер: Ампаду, Якель, Вернер, Вольф

"Атлетико": Облак; Ариас, Хименес, Савич, Лоди; Льоренте, Коке, Сауль, Карраско; Жоау Феликс; Коста

Ойнамайды: Врсалько (тізе), Корреа (індет)

Белгісіз: Томас (бұлшық еті)

Ойыншылар байланысы:

Анхелино кезінде Испания біріншілігінде ойнаған. ("Жирона" 2017, "Мальорка" 2017)

Дани Ольмо (Барселонаның" жастар командасы 2014-17)

Ұлттық құрамада:

Дани Ольмо - Витоло, Альваро Мората, Диего Коста, Эрмосо, Сауль, Коке.

Кевин Кампл - Ян Облак кезінде Словения құрамасасында бірге ойнаған.

"Атлетико" сапынан Анхель Корреа мен Шимо Врсальколар ойынға қатыспайды. Жарақат. "Лейпциг" сапынан М.Забитцер (биылғы маусымда 4 гол салған) мен Ф Хартман қатыспайды. Матч төрешісі поляк Шимон Марчиняк.

Болжам:

"Ливерпульді" жарыстан шығарып жіберген "Атлетико" ештеңеден тайынанйын деп тұрған жоқ. Қорғанысы мықты. Немістер осы ойында гол салмай кететін секілді. Қарымта шабуыл жасап қателіктерді теріп жүрсе де, "Атлетико" жеңіске жетеді. "Атлетико" келесі кезеңге өтеді дегенге 1,71 коэф. Матч тоталы 2,5 кем, сары қағаз 4,5 көп, бұрыштама белгісіз. Жарайды, бұрыштама 11,5 кем алыңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Италии. Серия А
12.24
Интер
Комо
00.45
П1
1.363
Ничья
5.64
П2
9.55
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.089
Ничья
13.6
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Aladop Youtube
×