Болжам. Гасперини гений бапкер ме?

14 шілде күні Еуропа төрінде тартысты ойындар болады. Оның ең қызықтылары әлбетте Аппенин түбегінде.
Болжам. Гасперини гений бапкер ме?

"Челси" - "Норвич"

"Ақсүйектер" чемпионаттың 3 орнын ешкімге бергісі жоқ. Алайда, таласып тұрған тағы екі команда бар. Сәл бір қате бассаң басып озғалы тұр. Айтпақшы, қазір "Манчестер Юнайтед" "Саутгемптонды" жеңсе 3 орынға көтеріледі. Сондықтан да, "Челсиге" әр ойында 3 ұпай қажет. Бар күшті салып ойнауға тура келіп жатыр. Лэмпардтың командасы осы турда әлсіреп қалған "Норвичпен" ойнайды. "Норвич" АПЛден ресми түрде кеткен команда. Сондықтан оларға бәрібір. Қызық үшін ғана ойнайды. Болашақта жарқырап шығатын жастарын шығарып, тәжірибие жинай берсін деп олардың да бір-екеуін алаңға жіберуі мүмкін. "Челси" осы матчта 2 голды айқын соғады. Тоталы 2 ден көп дегенге 1,3 кэф беріліп тұр. Ол аз болса 2,5 көп деп алуға болады. Оған буктар 1,64 кэф беріпті.

"Аталанта" - "Брешиа"

"Брешиада" математикалық мүмкіндік бар. Бірақ, командадағы ойыншылар оған сенбейтін секілді. Сондықтан да, Милан маңындағы бұл қала келесі маусымда Серия Б матчтарын қабылдайды-ау. "Аталанта" соңғы ойындарын ғаламат өткізді. "Ювентусты" жеңді деп те есептейміз. Есеп 2-2 болса да. Мықты ойнады. Расын айтуымыз қажет. Гасперини керемет команда жасақтады. Чемпиондар лигасында ПСЖ қиындыққа тап болатыны анық. "Аталанта" әбден шабуылдайды. Ал Бергамо клубы ішкі чемпионатта екінші орын алуына жақсы мүмкіндік туып тұр. Гасперини осы матчта екінші құраммен шығуы ықтимал. "Ромада" сөйтті де, 3-0 жеңді. "Аталанта" бас бапкері ротация жасауды біледі. Біраз ойыншы осы кездесуде демалғаны дұрыс. Осыдан кейін "Веронаға" қонаққа барады. Одан кейін "Болонья" мен "Милан" күтіп тұр. Әшейінде тапырлатып 4 гол ұратын "Аталанта" осы кездесуде 1 немесе 2 голмен ғана шектелетін шығар деп түйіндедім. Сондықтан да, "Аталанта" тоталы 3,5 кем дегенді алдым. 1,6 кэф екен. Ал енді менің пікіріммен келіспеуіңіз мүмкін ғой, ол кезде не істемек керек. Иә, Гасперини толық құрамын шығарып, Дуан мен Гоместерді алаңға шығарса онда жағдай басқаша өрбиді. Ондай жағдайда "Аталантаның" жеңісін ала салыңыз. Болмаса -1,5 форасын. 2-0 қылып жеңеді ғой кем дегенде.

"Милан" - "Парма"

Златан Ибраһимович алаңға шыққалы бері команда жеңіп жатыр. "Наполимен" де тең түсті. Сырт алаңда. Шабуыл шебі жаман емес. Қорғаныстағы ойын да реттеліп келеді. "Пармада" гол салатын жігіттер жетерлік. Олар Доннарума қақпасынан саңлау табуы мүмкін. "Миланның" жеңісіне бәс тігуге болады. Алайда, мен жалпы матч тоталы 2,5 көп деген стандартты ставканы таңдадым.

"Сампдория" - "Кальяри"

Маноло Габьядини бастаған, Куалярелла қостаған шабуылшыдар "Чампдорияны" жеңіске жетелеуі тиіс. Өйткені Генуя қаласының бұл командасы қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Астыңғы үштіктегі командалар жиі алмасып жатыр. Мысалы, "Дженоа" немесе "Лечче" екі ойын қатар жеңсе, "Сампдория" төменгі үштікке түсіп қалуы бек мүмкін. Ұпай айырмашылығы 3-4 ұпай ғана. Сондықтан да, Раньеридің командасы мына матчтан ұпай алуы міндетті деп қарастырылады. "Сампдория" гол салад, тоталы 1 ден көп.

Айтпақшы "Сампдорияның" бұрыштаманы жақсы көтеретінін білесіздер ме? "Сампдория" бұрыштама 5,5 көп деген болжам шығады деп ойлайсыздар ма? Сіздердің пікірлеріңіз маңызды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.396
Ничья
3.82
П2
2.885
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.161
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×