Болжам. Англияның соңғы туры. «Астон Вилла» тағдыры қыл үстінде

Англия премьер-лигасының 38 тур ойындарының барлығы бір мезетте ойналады. Матч басталуы 21-00.
Болжам. Англияның соңғы туры. «Астон Вилла» тағдыры қыл үстінде

"Вэст Хэм" - "Астон Вилла"

"Астон Вилла" соңғы ойындарды бар ерік-жігерімен ойнап жүр. АПЛде қалып кетуді басты мақсат тұтқан бұл команда Чемпионшипқа бірден қайтып кеткісі келмейді. Ойыны да енді жүре бастағандай. Өткен турда олар "Арсеналдың" өзін жеңіп тастады. Ол ойында бір емес бірнеше гол салатын мүмкіндіктері болды. Сырт алаңдағы мына кездесуде де Бирмингем қаласының командасына бар күшті салу керек болып тұр. Менің ойымша "Астон Вилла" осы ойынды жеңілмейді. Х2. Себебі, "Уотфорд" жеңіп кетсе, "Вилла" АПЛден шығып қалады. Себебі, екі команданың ұпайы тең.

"Арсенал" - "Уотфорд"

Ал "Уотфорд" соңғы ойынды "Арсеналға" қарсы өткізеді. Әлбетте бұл командаға ойын кестесі тұрғысында сәтсіздік жағаласты. Әйтпесе, "Арсенал" емес одан әлсіздеу ұжымдар кездессе жеңіп тастауға болар еді. Оның үстіне "зеңбірекшілер" "Виллаға" жеңіліп қалған. Демек, мына ойында ашулы "Арсенал" Артетаның бастауымен жеңіске жетеді. Десе де, қатты тәуекелге бармай мен 1х деген бәсті таңдап отырмын.

"Кристал Пэлас" - "Тоттенхэм"

Бентеке, Ван Анхольт, Г, Кэхил, М.Сако секілді ойыншылардың есімдері таныс шығар. Бұл "Кристаллдың" ең мықты футболшылары. Осы аталғандар мына ойынға қатыса алмайды. Демек, "Тоттенхэмнің" қазір бәсі жоғары деген сөз. Моуриньоның командасы осы ойынды жеңіп, 6 орын алмақшы. Әлбетте, Маур "Вулверхэмптонды" "Челсиден" жеңіледі деп болжап отыр. Ең болмаса тең түссе де "Тоттенхэм" бір саты болса да жоғары көтеріледі. Демек, мотивация бар. "Тоттенхэм" осы кездесуді жеңеді.

"Лестер" - "Манчестер Юнайтед"

"Лестерге" тек қана жеңіс қажет. Ал одан өзге нәтиженің барлығы МЮге майдай жағады. Төрттік қатарына еніп, Чемпиондар лигасында ойнау үшін барлығы жанталасып жатыр. Екі орынға қазір үш клуб таласып тұр. Ар жақта әлі "Челси" бар. Бір қызығы екі ойынның нәтижесіне байланысты түрлі нұсқалар айта берсе болады. Себебі, "Челси" "Вулверхэмптоннен" жеңіліп, "Лестер" "Юнайтедті" жеңсе онда лондондық ұжым төрттіктен шығып қалады. Тіпті "Лестер" мен МЮ тең түсіп, "Челси" "Вулверхэмтоннен" жеңілсе де келесі жылы Чемпиондар лигасына қатысу құқығынан айырылады. Мұның барлығын не үшін айытп отырмын. Себебі, Англия чемпионатында адам миына кіріп шықпайтын нәтижелер тіркеліп жатады. Ал былайғы қалыпты болжам айтсам, "Челси" мен "Лестер" өз ойындарын тең ойнап, Брендан Роджерс командасы қазіргі бесінші орнында қалып кетеді. Демек, Сулшердің командасы қорғанысқа бекініп, қарымта шабуылға иек артады. Х2.

"Бернли" - "Брайтон"

"Брайтонның" шаруалары бітіп кеткен. Е ары кетпейді, е төмен түспейді дегендей ғой. АПЛдегі орнын сақтап қалды. Ал "Бернлиге" үш ұпай қажет. "Арсеналдан" биік тұрдық дегеннің өзі қайда жатыр. Тіпті "Шэфилдты" басып озып, 8-орын алатын да мүмкіндік бар. Сондықтан да, соңғы матчта алаң иелері аянбай ойнайды. 1х.

Бонус: "Ньюкасл" гол салады. "Ливерпульдің" қорғаушылары екі күн болды ғой қолдарынан шампан түспей, сылқитып ішіп жүргеніне. Қадірменді, достар осы матчтың есебін дәл тапқан оқырманға 1000 теңге (Каспи голдқа).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×