Бізге легионер қажет пе?

24.06.2020, 00:44
Қазір футболды легионерсіз елестету мүмкін емес.
Бізге легионер қажет пе?

Қай біріншілікті алсаңыз да, қаптаған шетелдік спорт­шылар. Бұл, әсіресе өзге спорт түрінде көп кездеседі. Былайша айтқанда, әлем жұртшылығы оларсыз спорт­тың қызығы болмай қалатындай күйге жетті. Талай әңгі­меге арқау болған легионерлер мәсе­лесі таяуда Парла­мент Мәжілісінің жалпы отырысында да қозғалды.

Біздің елімізде легионерлер­ге көрсетілетін «құрметтің» тым жоғары болуы халық қалаулы­ларының ренішін туғызған сы­ңайлы. Жиында депутаттар ­шет­ел мамандары мен легио­нерлер­ден бас тарту, барлық спорт түр­леріне жұмсалатын шы­ғындарды аймақ бойын­ша тексеруді, әр спорт тү­ріне бюд­жеттің бірыңғай нор­ма­ла­рын орнату мәселесін көтерді. Ар­найы Үкі­мет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жол­данды.

– Барлық жас топтары ара­сында бұқаралық спортты да­мыту маңызды. Балаларға арнал­ған спорт инфрақұрылымының барынша қолжетімділігін қам­тамасыз ету керек. Бұл бағытқа заңнамалық қолдау, сонымен қатар бұқаралық спортты да­мытудың кешенді жоспарын қабылдаған жөн, – деп атап өтті депутат Сәкен Қаныбеков.

Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионаты: Еуропалық іріктеудің ережесі бекітілді

Трамптың футбол командасынан неге көңілі қалды?

Спорттық шаралар қайта жанданады

Ол сонымен қатар қомақты қаржы жұмсалатын футбол са­ласына ерекше тоқталды. Мә­дениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің деректері бо­йынша, футболға 2016 жылы – 3,5 млрд теңге, 2017 жылы – 4,6 млрд теңге, 2018 жылы 8,9 млрд теңге бағытталған.

– Бізге белгілі деректерге сүйенсек, елімізде тек «Астана» футбол клубының 1 жылдық бюджеті 12 млрд теңгені құрайды екен. Бұл тұрғыда аталған ко­митет ақпараты шындыққа жа­нас­пайды. Қаржыландыру кө­ле­мінің қомақты болуына қара­мастан, қазақстандық футболға әлемдік аренада әзірше орын жоқ, – депті халық қалаулысы.

Ал біз Парламент Мәжілісінде көтерілген мәселеге байланысты осы жайттың жай-жапсарын жақсы біледі-ау деген бірқатар спорт мамандарының пікірін білдік. Олар өзекті мәселеге қа­тысты өздерінің ұсыныс-тілек­терін жеткізді.

 

Ербол КАИРОВ,

спорт журналисі:

– Кейінгі кез­дері депутаттар отандық футбол­ды көп сынап жүр. Футболға ақ­шаны аз бөлу керегін де бір­неше рет айтты. Бірақ олардың көпшілігінің футболдан, жалпы спорттан хабары болмауы ­мүм­кін. «Астана» футбол клу­бы ту­ралы айтылып жатыр. Бірақ елордалық клубтың еу­рокубоктық ойындарда табыс тапқанын еш­кім сөз қылма­ды. Ал осы қа­ражат «Астана» ­бюд­жетінің басым бөлігіне жұм­салды. Әйгілі «Ман­честер Юнай­тед» командасына қарсы екі кездесу өткізу – ол еліміз үшін үлкен жарнама. Тіпті, EXPO-2017 көрмесі де мұнша­лықты жарнама жасай алма­ды. Чемпиондар Лигасында, Еу­ропа Лигасында да қаншама матчтар ойналды. Әрине, ле­гионерлерсіз ондай жоғары нәтижеге клуб жетпес еді. Бірақ бұл – әлемдік үрдіс. Барлық елдерде жергілікті командаларда шетелдік ойын­шылар ойнап, жергілікті фут­бол­шылармен тәжірибе алмасады.

Әрине, алдына жоғары мақ­сат қоймайтын командаларға шетелдерден легионерлер алу­дың қажеті шамалы. Мысалы, «Тараз», «Ордабасы», «Қайсар» клубтары жергілікті футбол­шы­ларымен-ақ ойнай алады. Елі­мізде де талантты, дарынды футболшылар жетіп артылады. Тек оларға сенім арту керек. Қайта көп өтпей сол клубтардан Исламхан, Зайнутдинов сияқты ойыншылар шығады.

Басты нюанстың бірі – Еура­зиялық экономикалық одақтың құрылуы. Енді аталған елдің футболшылары Қазақстанда легионер саналмайды. Ол жайлы депутаттар неге айтпады? Әлде, батылдары жетпей ме?

 

Бізге белгілі деректерге сүйенсек, елімізде тек «Астана» футбол клубының 1 жылдық бюджеті 12 млрд теңгені құрайды екен. Бұл тұрғыда аталған комитет ақпараты шындыққа жа- наспайды. Қаржыландыру көлемінің қомақты болуына қарамастан, қазақстандық футболға әлемдік аренада әзірше орын жоқ.

 

Легионер мәселесі дұрыс жолға қойылатын шығар. Енді қазақстандық ойыншылар да Ресей, Беларусь, Армения және Қырғыз Республикасындағы футбол біріншіліктерінде легио­нер саналмайды. Қазіргі кезде футбол­шыла­рымыздың көпші­лігі аталмыш чемпио­нат­тарға ауысып, тә­жірибе жинақтап жүр. Бұл – үлкен жетістік.

Легионерлерсіз жақсы ойын көрсету, жоғары жетістіктерге жету қиын. Аз болса да сапалы деген шетелдік ойыншыларды командаға алған жөн. Бірақ олар­дың деңгейі жергілікті фут­бол­шылардан жоғары болуы керек. Орташа дейгейлі ойыншы­лардың керегі жоқ. Олардың орнына өзі­міздің футбол­шы­ларды ойнатқан дұрыс. Ал жақсы легионерге қай кезде де орын табылады.

 

Бек ТӨЛЕУ,

спорт шолушысы:

– Депутаттың Мәжілісте жол­да­ған депутаттық сауалын тыңдап шықтым. Оны­мен толық келісе алмаймын. Бізге жекеменшік клубтар ке­рек. Ол үшін биз­несмендерді ынталандыру қажет. Салықтық жеңілдіктер, басқа да мү­м­кіндіктер ұсынылса, фут­болға қаржы салатындар кө­бе­йеді.

Кез келген бизнесмен пай­да табуды ойлайды. Бұл жа­ғынан біздің футбол әлсіз. Стадион­ға ба­ратындар аз, ойынды са­тып алатын телеарналар жоқ­тың қасы, жейделер мен атри­буттарды да сатып алмайды. Қазір қазақ футболы толықтай мемлекеттің бюджетінен қар­жыландырылады. Сондықтан сын садағына жиі ілігеді. Нәтиже төмен, жемқор­лық жетіп артылады. Осыдан соң қоғам­дық пікір екіге жары­лып жата­ды. Бізге халықтың ын­тасын оятып, қалталы азамат­тарды отандық футболға тартуға ықпал жасау керек. Оған ел Прези­ден­тінің де көмегі қажет.

Футболды басқа олимпиа­далық спорт түрімен салыс­тыруға келмейді. Бұл ойынның көрер­мені де, айналысатын адам саны да өте көп. Бекерден-бекер әлем­дегі бірінші спорт атанған жоқ.

Депутат «шетелден легионер мен футболшы шақыруды тоқ­тату керек» деген ұсыныс ай­тыпты. Мүлдем жауып тастап, қымтанып отыра алмаймыз. Одан ел футболының деңгейі өспейді. Әзірге мемлекетке ма­сыл болып отырған кезде шектеу болғаны дұрыс, бірақ толық жа­буға қарсымын. Әуе­лі облыстағы футбол клуб­тарының басшыла­рын реттеп алу керек. Әкім ауыс­са, клуб басшылары да өзгереді. Сосын қысқа уақыт ішінде жеп қалуға тырысады. Сондай қате­ліктен Ertis клубы жабылды. Меніңше, клуб басшыларына ақша бер­ген кезде әуелі инфра­құ­ры­лымдарын реттеуді, сосын балалар академиясын салуды тапсырып, нәтижесін талап ету керек.

 

Didar Sidikbek

Дидар СЫДЫҚБЕК,

SD Family футбол клубының ойыншысы:

– Депутаттар­дың балалар фут­болы мен инфраструктура, фут­бол алаңдарының қолжетімділігі жайында айтқан пікірлеріне қо­сыламын. Өйткені елімізде қыс мезгілінде ойнайтын сапалы алаң­дар жеткіліксіз. Жаз мезгі­лінде де елордамызда жақсы жасыл алаң­дар жоқтың қасы. Отандық фут­болда бұдан өзге де күрмеулі мә­селелер қаншама. Солардың жақ­саруына көңіл бөлсек екен. Депутаттардың кей пікірімен келіспеймін. Олар әңгіме ара­сында легионер­лерді шақыр­мау туралы ұсыныс тастапты. Бі­рақ алдына жоғары мақсат қойып отырған үздік клуб­тарымызға легионер алдыр­мау көп жағдайда қиындық ту­ғызады. Өйткені «Ас­тана», «Қай­рат» секілді клубта­рымыз еуро­кубоктық додаларға жыл сайын қатысуға мүмкіндік алады. Елор­далық ұжым Чем­пион­дар Лигасы мен Еуропа Ли­гасының топтық кезеңдерінде өнер көрсетіп жүр. Соның арқа­сында елімізге үздік футбол ко­мандалары келді. Осының бәрі сапалы легионер­лердің арқасы. Егер легионер қазақстандық фут­болшылардан бір бас жоғары болса, клубын алға сүйресе, Қа­зақ­станды әлем­ге танытып жатса, оларға қо­мақты қаржы неге тө­ле­меске?! Же­тістіктерге жету арқы­лы клуб пайда көрсе, табыс тапса, онда легионерлерге төлеген ақ­шаның қайтарымы болады. Ел футболын жарна­ма­лай­тын футболшыларды да командаға тарту біздің клубтардың дәстү­рінде бар. Мысалы, кезінде «Қай­рат» сапында ойнаған Ан­дрей Аршавинді, Анатолий Тимощукті көру үшін футболға қаншама жан­күйер келді. Ал басқа өңірлердегі кейбір коман­далар топырлатып легионерлер алады да, кейін олар­дың тең жар­тысы көп өтпей керексіз болып қалады. Яғни, 2-3 айдан соң арадағы келісімшартты үзеді. Ал клубпен 1-2 жылдық ке­лісімшарт жасасқан футболшылар УЕФА-ға хат жолдап, клубтың бас­шы­лығына шағымданып, ақ­шасын толық өндіріп алады. Сон­дай жағдайлар біздің клубтардың атына кір келтіреді. Әрі бос шы­ғын. Жасыратыны жоқ, еліміздегі легионерлердің көпшілігі Ита­лия, Испания чемпионатындағы фут­болшылармен бірдей жалақы алады. Алайда бәрі бірдей өзіне артылған міндеттерді ақтап жа­тырған жоқ. Сол үшін тым жоға­ры сомаға легионерлерді көптеп алудың да қажеті шамалы. Мұн­дайда халқымыз «көрпеңе қарап көсіл» деп жақсы айтқан ғой.

 

Абылайхан

Абылайхан ЖҰМАШ

https://aikyn.kz/bizge-legioner-qazhet-pe/


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
3.995
П2
3.71
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×