Біздің кезімізде Қазақстанда алаң қожайындары міндетті түрде төрешіні сатып алатын - болгариялық футболшы

21.07.2020, 00:04
Болгариялық бұрынғы футболшы Илиян Помуков MoldFootball.com порталына берген сұқбатында Қазақстандағы карьерасы туралы айтып берді.
Біздің кезімізде Қазақстанда алаң қожайындары міндетті түрде төрешіні сатып алатын - болгариялық футболшы

Помуков 2005 жылы "Екібастұз" командасында 21 кездесуге қатысқан. Оның командасы 16 ұжымның ішінде 12 орын алды. Сол кезде жасы 31-де болған болгариялық футболшы Қазақстанға ресейлік "Локомотив" клубынан ауысып келген. 

Помуковтың айтуы бойынша, Қазақстан біріншілігінде сырт алаңда жеңу мүмкін болмаған екен. Оның "Екібастұз" командасы сырт алаңдағы сегіз кездесуінің екеуінде ғана жеңіске жеткен. 

"Қазақстанда біз автобуспен де, пойызбен де жүрдік. Бірнеше мың шақырым жүріп тастаған шығармыз. Ол кезде ортаңқол командалардың сырт алаңда ұпай алуы мұң еді. Бірінші себеп - ұзақ әрі қиын жолдар. Осыдан шаршап қаласың. Екінші - егер тіпті жақсы ойнасаңда, алаң қожайындары төрешіні сатып алатын. Олар міндетті түрде алаң қожайындарына көмектесетін. Үшінші - мотивация. Көшбасшы командалардың өз мақсаты бар. Аутсайдерлер де ұшып кеткісі келмейді. Сондықтан ұпай алудың қамын қарастырады. 

"Екібастұзда" біз турнир кестесінің ортасында болатынымызды білдік. Ұшып кетпейтінімізді де, еурокубоктерге жолдама ала алмайтынымызды да түсіндік. Сондықтан өз алаңымыздағы ойындарға дайындалдық. Бұл ойындарда біз жеңіп, қосымша сыйақы ала алатын едік. Ал сырт алаңда 90 пайыз ұпайдан қағылатынымызды білетінбіз. Сондықтан да өз қақпамызға 90 минутта пенальти алу үшін мыңдаған шақырымға ұшқымыз да келмейтін", - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстаннан кейін Помуков жарты жыл Болгарияның "Дунав" командасында ойнап, карьерасын аяқтады. Қазір 45 жастағы бұрынғы футболшы жас балалардың бапкері болып жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
4.015
П2
3.69
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×