Чемпиондарымыздың Чемпиондар лигасының үшінші електік кезеңдегі қарсыласы Хорватияның аты шулы командасы - Динамо Загреб. Югославияның коммунистік билігінің қаулығымен Загреб қаласының үш бірдей мықты "Граджянскй" "Конкордии" және "Хашк" командалары таратылып, 1945-жылы қазіргі Динамо спорттық командасы құрылады. Югославияның тұсында да Динамо абыройлы ұжым болды. Югославияның 4-дүркін чемпионы болған. Еуропадағы үлкен жетістігіде сол кезеңге сәйкес келеді. 1967 жылы "Жәрмеңкелер" кубогының жеңімпазы атанады. Финалда ағылшындардың Лидс Юнайтедін ұтты.
1963-ші жылыда команда финалда ойнап Валенсияға жеңіліп қалған еді. 1991-ші жылы Хорватия өз алдына тәуелсіздік алғаннан бері, Динамо Хорватияның 19-дүркін чемпионы(Рекордты көрсеткіш), 15-дүркін Кубок, және 5-дүркін Суперкубок иегері атанды. Осы сандардың өзі-ақ Динамоны Хорватияның беделді ұжымы екендігін айтып тұр. Команда өз алаңындағы ойындарын 38 923 жанкүйерді құшағына сыйдыратын "Максимир" стадионында өткізеді. Динамодан еуропалық аренаға талай мықты ойыншылармен бапкерлер шыққан. Арыға бармай-ақ әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленген Хорватия құрамасының ойыншыларынын тең жартысы Динамоның тәлімін алғандар. Атап айтсақ Шиме Врсалько, Деян Ловрен, Лука Модрич, Матео Ковачич Марко Пьяца және т.б . Динамо бірнеше мәрте Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған тәжірибелі команда.
2017 жылы Риекаға чемпиондықты беріп қойған Динамо сол жылы Чемпиондар лигасынан тыс қалып, Еуропа лигасында бағын сынаған, алайда плей офф сатысында біздің жанкүйерлерге етене таныс Албанияның Скендербеуіне келіп сүріңген еді. Сол Скендербеу 2-ші іріктеу кезеңінде Алматының Қайратысынан айласын асырып кеткен еді. Команда капитаны Македониялық тірек жартылай қорғаушы Ариен Адеми. Бас бапкері Ненад Белица. Команданың өткен маусымдағы сұрмергені Арби Эль-Судани жазда ағылшынның Ноттингэм Форестіне ауысып кетті. Әйтседе Динамоның шабуыл шебі әлсіз деуге келмейді.
Өткен маусымда сұрмергендер тізіміңде үздік үштіктен көрінген Швейцариялық Марио Гаврановичпен(15-гол) Марио Будимир (14-гол) команда сапында. Ең қымбат ойыншысы талантты қорғаушы Филипп Бенкович(11 миллион еуро). Биылғы іріктеу кезеңін 2-раундтан бастаған Динамо Израильдің Бэер-Шева қаласының Хапоэльн қос ойынның қорытысында тас-талқан етіп (5:0, 2:2) 3-ші іріктеу кезеңіне шықты. Ендігі қарсылас Астана. Алғашқы ойын 7-тамыз күні Астана Аренада 20:00 де басталса, қарымта ойын 14-тамызда Загребте өтеді.
Арман Серікұлы