Биыл ҚПЛ клубтарынан ең көп ақша «Ордабасыға» бөлінген

05.03.2025, 11:55

Танымал «Дядя Ваня» телеграмм-арнасы биыл премьер-лига клубтарына қанша қаражат бөлінгенін есептеді.

Биыл ҚПЛ клубтарынан ең көп ақша «Ордабасыға» бөлінген
"Ордабасы" ФК футболшылары

ҚПЛ-2025 жүлдесіне 14 команда таласпақ. Биыл жоғары дивизон командаларының өтінім жарнасы 55 миллион теңге құрады. Бұған тағы ойыншылардың трансферін, жалақыны, ұшақ билеттерін, тамақтану мен өзге де шығындар қосылады. Бұл әрине қалалық және облыстық бюджеттің қазынасынан бөлінетін қаражат.

Бір ескерте кететіні «Дядя Ваня» телеграм-арнасы тұрақты чемпионатқа қатысу шығындарынан бөлек, балалар орталықтары мен әйелдер командаларына бөлінетін қаражатты да қоса есептеген еді.

Маусым арасында ҚПЛ-дың 14 клубы шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп қана қоймай, мемлекеттік қаржыландыруға да таласты. Алдын ала есеп бойынша, еліміздің үздік командалары жергілікті бюджеттен кемінде 18,51 млрд теңге (қазіргі курс бойынша – $37 млн) алған. Жақын арада өткізілетін жалпы сомасы 4,98 млрд теңгелік ($9,9 млн) тағы бірнеше тендер бар. Маусым енді ғана басталғанын ескерсек, мемлекеттің футболға бөлетін қаражаты мұнымен шектелмейтіні анық.

«ҚПЛ клубтары арасынан әзірге «Ордабасы» оқ бойы алда – 3,46 млрд теңге. Жуық арада бұл көрсеткіш жағынан «Ақтөбе» де оңтүстіктегі әріптестерімен теңеспек. Қазақстанның бес дүркін чемпионы 1,35 млрд теңгеге келісімшарт жасасқан болатын. Мемлекеттік сатып алу сайтында тағы үш тендер бар: негізгі ұжымға – 1,07 млрд, жастарға – 357 млн, балалар-жасөспірімдер командаларына – 267 млн теңге», – делінген.

Ал Қостанай облысының ұжымына көрсетілетін қолдау аздап кешігіп жатыр. Себебі, жақын күндері өңірдің Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалуы керек. Сондықтан, бәссауда ұйымдастыру шаралары кешеуілдеп отыр. Алайда, Қостанайдың «Тобылы» ақшасыз қалмайтыны анық. Мемлекеттік сатып алу сайтында қазірдің өзінде үш тендер жарияланған: бірінші командаға – 1,2 млрд теңге, балалар футбол орталығына – 447 млн, фарм-клубқа – 205 млн теңге.

Былтырғы чемпион «Қайраттың» негізгі құрамы Қайрат Боранбаевтың қалтасынан қаржыландырылады. Ал жастар және жасөспірімдер командаларына жыл сайын қалалық бюджеттен ақша бөлініп отырады. Биыл Алматы ұжымы осы мақсатқа 669 млн теңге алуды жоспарлауда.

«Атырау» ФК Атырау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен 5,712 млрд теңгеге үш жылдық келісімшартқа қол қойыпты. Келісімшарт сомасын үш маусымға бөлгенде, әр маусымда «мұнайшылар» өңір қазынасынан 1,90 млрд теңге алып отырады деген сөз», - делінген телеграм-арнасының жазбасында.

«Астана» квазимемлекеттік сектор есебінен қаржыландырылады. Елорда командасының шығынын Sport Qory көтермек. Сондықтан, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы тендерлерге қатыспайды, тиісінше қаржыға қатысты ақпаратты жарияламауға тырысады. Сөйте тұра ашық дереккөздерде «Астананың» 2022 жылы қордан 4,8 млрд теңге алғаны көрсетілген. Келесі маусымда бұл қаражат 5,3 млрд-қа өскен. Одан қалды елордалықтар еурокубоктарға қатысу арқылы тәп-тәуір табыс табады.

«ҚПЛ клубтарының 2025-жылы ұтып алған тендерлерінің сомасы (жақша ішінде аяқталмаған тендерлер көрсетілген):

  • «Ордабасы» кәсіпқой футбол клубы» АҚ – 3,46 млрд теңге
  • «Елімай» футбол клубы – 2,77 млрд теңге
  • «Атырау» облыстық футбол клубы» ЖШС – 1,90 млрд теңге
  • «Қайсар» Қызылорда облыстық футбол клубы» ЖШС – 1,63 млрд теңге
  • «Ұлытау» футбол клубы – 1,48 млрд теңге
  • «Оқжетпес» футбол клубы – 1,45 млрд теңге
  • «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ – 1,35 млрд (1,07 млрд + 267 млн + 357 млн) теңге
  • «Жетісу» футбол клубы» КМҚК» – 1,20 млрд теңге
  • «Қызылжар СК» Футбол клубы» ЖШС – 1,20 млрд (800 млн) теңге «Тұран» кәсіби футбол клубы» МКҚК – 1,08 млрд теңге
  • «Жеңіс ФК» ЖШС – 999 млн теңге
  • «Тобыл» футбол клубы – 0 (1,20 млрд + 447 млн + 205 млн)
  • «Қайрат» Футбол клубы ЖШС – 0 (669 млн)
  • «Астана» футбол клубы».
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×