
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында
Түркиялық журналис Сердар Сарыдақтың айтуынша, стамбулдық ұжым қазақстандық футболшының трансферінен 7-8 миллион еуро пайда табуды көздеп отыр.
Барлық жағдайлар келісіліп, ұсыныс түсетін болса Зайнутдиновпен осы жазда-ақ қоштасуға дайын делінген С. Сарыдақтың мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов 2023-жылы ЦСКА-дан «Бешикташқа» 4,5 миллион еуроға ауысқан еді. Футболшының қазіргі келісімшарты 2027-жылдың маусымына дейін жарамды.
Осы маусымда Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы стамбулдық ұжым жейдесінде тоғыз ойында өнер көрсеткен. Ол «Бешикташтан» басқа тағы «Ростов», «Астана», «Тараз» командаларының намысын қорғаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET